///

Алматыда қылмыскерлермен арпалыста жараланған полицей бүгін түнде көз жұмды

1000 рет қаралды

Алматыда бүгін түнде №4 клиникалық ауруханада бұзақылардың шабуылы кезінде басынан жарақат алған полиция лейтенанты Ерназ Қожахметов қайтыс болды.

1tv.kz тілшісіне қалалық ІІД-інен хабарланғандай, полиция қызметкері есін жимаған күйі дүниеден өтті. ІІД-нің ақпаратына сәйкес, патрульді полицияның 6-шы рота инспекторы Ерназ Қожахметов Ішкі істер органдарында 2011 жылдан бастап қызмет еткен.
Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбі күні Алматының Түрксіб ауданында «Боран-170» патрульді экипажына шабуыл жасалды. Бұзақылар аға лейтенант Ержан Қайрақбаевты атып, оның серігі Ерназ Қожахметовті ауыр жаралады.

Жақында Алматыдағы «Ахселькент» ықшамауданында қылмыскерлерді ұстауға байланысты арнайы операция жүргізілген болатын. Арнайы жасақтың көмегімен белсенді түрде қарсылық көрсеткен қылмыскерлердің көзі жойылды.

Қожахметов Ерназ Жаманқараұлы 1986 жылы 23 шілдеде туған, Қазақстан Қарулы күштерінде қызметін өтегеннен кейін бірден Алматы қаласы ІІД патрульді полиция полкіне жұмысқа алынды. Ол отбасын құрып үлгермеді. Полиция қызметкері өзінің туған жері – Алматы облысы, Бақанас ауылына жерленеді.

Алматыда «Ахселькент» тұрғын үй кешеніндегі 6 қарақшының көзі жойылды

Дереккөз: 1tv.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері