Nokiа “Азиаданы” таныстырды

921 рет қаралды

Nokia компаниясының Ovi үстеме бағдарламасы Қысқы Азия ойындарына арнап, жылдың соңына қарай қалтафонға лайықталған карталарын қазақстандықтарға ұсынбақшы.

Астанада осы тақырыпқа арналған баспасөз мәслихатында Nokia компаниясының Қазақстандағы өкілдігі: “Азиада” мобилді қосымшасы Nokia қондырғысын пайдаланушыларға спорттың іс-шаралар туралы және Азиаданың басқа да жаңалықтары туралы білуге, жарыс күндері мен спорттық санаттар бойынша кестелерді алуға мүмкіндік береді” деп мәлімдеді.

Алматы мен Астана қалаларында өтетін қысқы Азиа ойындары барысында Nokia телефонын қолданушыларға арнайы карта ұсынылмақ. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі бағдарламалар тегін болатынын хабарлады. “Осындай жобалар арқылы біз программистерді жергілікті қолданушыларға лайықталған бағдарламалар жасаса екен дейміз” деді Карел Голуб Nokia компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы.

бейнежазбаны көру

Баспасөзге таратылған ресми хабарламада: “Азиада” мобильді қосымшасынан сондай-ақ Ovi дүкенінен жүктеп алуға болатын картада олимпиада ойындары өтетін 12 орынның барлығымен жаяу жүргіншілерге және жүргізушілерге арналған навигацияны пайдалана алады. Ovi карталары арқылы сонымен қатар Facebook пайдаланушылар өздерінің тұрған жерлерін суретке түсіріп, онлайн режимде көрсете алады” делінген.

Nokia телефоны жоқ, яки телефоны смартфонға тобына жатпайтындар картаны nokia.kz сайтынан жүктелетін Ovi Suite көмегімен пайдалана алады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі