//

Кипрмен әуе қатынасы ашылады

51 рет қаралды

Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыстануда. 

Осылайша, «Air Astana» әуе компаниясы биылғы 2 маусымнан бастап Астана – Ларнака бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашады. Сондай-ақ 4 маусымнан бастап әуе компания Алматы – Ларнака бағыты бойынша рейстерді іске қосады. Рейстер әрбір бағыт бойынша аптасына 2 рет жиілікпен «Airbus A321LR» үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.

Әуе қатынасын іске қосу елдер арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар