Ақ Азиада ашылды

1447 рет қаралды
11

Ирби30 қаңтарда кешкі 7-де Астана қаласының «Астана Арена» стадионында Ақ Азиада-2011 қысқы олимпиадасының ресми ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу рәсімі «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарынан тікелей эфир арқылы көрсетілді.

 

Қазақтың шет жұрттықтарға бет бейнесін айқындауы тиіс осы бір дүбірлі доданың ашылуы қандай болады екен деп жүрегіміздің лүпілдеп келгені айқын. Өйткені, Азия ойындарының негізгі сценариін өзіміз емес, өзгелер жазады екен деген әңгіме ертеректен тарап кеткен болатын. Әрине, жабылу салтанатының тізгінін Игорь Крутойға ұстатқанымыз айқын.

азиада1Ал, мына ашылу салтанатын Қазақстанның қазақтың тарихи мекені екендігін көрсетуге, оны ежелден мекендеген тайпалардың рухани мұрагері қазақ болғандығын танытуға күш салғандығы байқалады. Әсіресе, алғашқы бидің «Сырмақ» аталуы, сол арқылы қазақ туының түсін бейнелей отырып, «Қазақстан» картасын сызып шығуы, бірден бойыңдағы ұлттық қаныңды тулатады екен.

 

Әсіре исламшылдар жан тәнімен қарсы болатын көшпенділік мәдениеттің негізін қалаған тәңіршілдік ұғымының қазақ тарихымен ерекше астасып, үндесіп жатқандығын айқындауға болады. Айталық, бүкіл тіршілік иесі Тәңірдің дүниеге келуі, оның түркілердің қасиетті анасы Ұмай анамен бірге От, Жарық, Дала, Су рухтарын оятуы секілді аңыз қойылымы, қазақ имиджісіне арналған фильмдердің өте көне аңыздар арқылы өрбуі, көшпенділердің, соның ішінде, қазақтың ата бабасы түріктердің арбаның дөңгелегін ойлап табуы, темір балқытуы, яғни бүгінгі Қазақ мемлекеті орналасқан Қыпшақ даласының адамзат өркениетіне қосқан үлесі, Алтын Адам т.б. да қыпшақ қорғандарынан табылған құнды жәдігерлер қонақтар назарына ұсынылды.

 

Азиада2Концерт шымылдығын  Игорь Крутойдың  «Ақ бесік» әнімен (сөзін жазған Ұлықбек Есдәулет) Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Нұржамал Үсенбаева орындаса, одан кейінгі  Ұлықбек Есдәулеттің сөзіне жазылған Игорь Крутойдың «Жас шаңырақ» әнін Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева мен Батырхан Шүкеновтер шырқады. Соңғы әнді орындаған Талғат Мұсабаев «Ынтымақ» жырын паш етті.

 

Ақ Азиаданың ашылуында ежелгі түркі мәдениетімен бірге Ислам жауһарлары да көрермен назарына ұсынылды. Ол Түркістандағы Ахмет Иассауи кесенесі және Тайқазан жәдігері мен Қазығұртта қалған Нұх кемесі  «Хабардың» тікелей эфирінен халыққа таныстыру мүмкіндігіне ие болған Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсын Нұх кемесі жайындағы қойылымның «Оғуз наме» дастанының негізінде жасалғанын айтып өтті. Өйткені топан судан қалай құтыларын білмей қатты әуре сарсаңға түсіп келе жатқан Нұх кемесіне аспан аруы түседі, Досхан Жолжақсын мырза Оғуз батырдың еліне жасаған жақсылығы үшін Аспаннан ай аруды сыйлайды, оның аты «Қарлығаш» дегенді айтады. Ұлы жібек жолы, Отырар секілді орта ғасырлық мәдениет бүкіл қойылым бойынан табылды.

 

Міне, қазақтың өзіне тән төл мәдениеті жат жұрттықтар алдында паш етілді. Әсіресе, көрерменнің көзін тойдырғаны – бүгінгі палитрамен жасалған ұлттық киім болса керек. Әр қойылымға сай өзіндік өрнегі, өзіндік формасымен өзгеше көз тартып, адамның ұлттық санасын ғасырлар бойғы тарихпен жаңғыртып, ежелгі мәдениетпен қауышып қайтқан сезімдей болады екен.

 

Азия Олимпиада кеңесінің ән ұраны орындалған соң, мінбер төріне Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов көтерілді. Әкім 27 ел өкілдері алдында ана тіліміздің мерейін асқақтатып, қазақ тілінде тіл қатты. Сөйтіп, мемлекеттік тілдің халықаралық мәртебесін биіктетті.

 

Азия ойындары Олимпиада  кеіңесінің төрағасы шейх Ахмад аль-Фахад аль Сабах мырза Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығын қазақша құттықтап өтті. Оның сөзінен  кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұғырлы мінбеден  үн қатып, олимпиаданың Қазақ елінде өтіп жатқанының айғағы ретінде мемлекеттік тілде сөз бастады. Бірақ, үш минуттан соң, әдеттегідей орыс тіліне көшті. Орыс тіліндегі сөз 1 минутқа созылды. Сөйтіп, жетінші қысқы Азиада ойындарын ашық деп жариялады.

 Азиадаға  Азияның 27 елінен келген мыңға жуық спортшы спорттың 11 түрінен бақ сынамақ. Жиыны – 69 медаль бәйгеге тігілген. «Астана Арена» стадионындағы көрермендер саны – отыз мың. 

Қазақтың қасиетті  жеті санын пір тұтқан ата бата дәстүрімен   алауды 7 адамның алып өткенінің куәсі болдық. Бұл ретте жеті ата дәстүрі басты нысанға алынған. Оның үстіне 7- Қысқы олимпиаданың оты тұтанды. Қазақтың олимпиада жүлдегерлерінен тұратын марқасқа жігіттер «Саржайлау» күйінің әуенімен алаңды айналып өтіп, Тайқазанда  олимпиада алауын шалқытты. Тұғырың биік болсын, Қазақстан!

 

Есен Байнұр.

Парақшамызға жазылыңыз

11 Comments

  1. Әп, бәрекелді, рухымызды көтерген абыройлы, үлкен шара болды. … көршілеріміз көре алмай, әй-бір, ернін шайнаған шығар! Ішің күйсе тұз жала деген осы. Иманғали мен Досханды тәңір жарылқасын!

  2. Барлығы тамаша, ойдағыдай өтті. Міне Қазақстан деген осындай деп әлемге жар салдық.
    Әттеген-айы – Мәдина Сәдуақасованың эфирді былшыл әңгімеге айналдырып жібергені болды. Естуімізше жорналшы боламын дейтін көрінеді, ол ол ма, сырттай оқитын көрінеді! Сондықтан болар, артық қылам деп тыртық қылып жатқаны. Әнін айтып қана тыныш жүрмей ме!?

  3. “Сырмақ» аарқылы қазақ туының түсін бейнелей отырып”, қарағым, сырмақ пен тудың арасы жер мен көктей емес пе? сырмақ арқылы Туды бейнелегені несі? басқа сана таппай қалған ба?

    Алаңға Алауды көтеріп кірген азамат азиада симболы болған кішкентей “күшігін” ойнақтатып жетектеп кірсе күшті болар еді, жетіспей қалған.

  4. Иманғали жігіттік жасады. Желкесінде отырғандардан оған тісін қайрағандар көп болған шығар.Әй, анау Жолжақсын да жырғатып ештеңе айтып отырған жоқ. А, үүү дегеннен басқа. Білімімі таяз адам басқа не деуші еді. “Бандыны қуған Хамит!”

  5. Расында да, Азиаданың ашылу салтанаты өте жоғары деңгейде өтті. Қазақы реңкке тұнып тұрған көріністі тамашалап рухымыз бір көтеріліп қалды. Бір әттеген-айы, айтулы оқиғаны халыққа паш етуде Мадинадан басқа коментатор табылмағаны ма? Тым болмаса, спорттан хабары болсашы… Айтқысы келген пікірі де орашолақ…. Бұған қарағанда, әншісымақ Мадинаның журналистика саласындағы алғашқы қадамы сәтсіз болған сияқты.
    Ал, Иманғали Нұрғалиұлының қазақ тіліндегі құттықтауы делебемізді қоздырып жібергені рас. Азиаданың ашылу мерекесінің қазақтың табиғатына жақын етіп ұйымдастырылуы да Иманғали ағаның еңбегі екенін мойындау керек! Қоржынымыз алтынға толсын! Алға Қазақстан!

  6. Көптен күткен Азиаданың ашылу салтанаты дүркіреп өтті десек артық айтпаспыз. Заманауи техника мен ұлттық дәстүріміз үйлескен керемет қойылым әр елдің спортшыларының да,көрермендердің де,шетел қонақтарының да көңілінен шықты.Халықаралық Олимпиада комитетінің төрағасы Жак Рогге мен Азия ойындары Олимпиада кеіңесінің төрағасы шейх Ахмад аль-Фахад аль Сабахтың,және басқа да танымал тұлғалардың алдында жас мемлекетіміздің абыройы артып,рухымыз көтеріліп қалды.Енді спортшыларымыз осы рухты одан әрі көтеріп,айбынымызды асқақтатса деген тілек бар…

  7. Көпжасағырлар, ұйымдастырушыларға, мың тағзым. Осы істің басы қасында режиссердан, яғни А. Сеченов пен И. Крутойдан басқа, бас көз болған елім деп, ерінбей тер төккен азаматтардың есімдерін таратып жазсаңыздар бір рахаттанып қалар едік. Сөз жоқ, әлемге “Міне, Қазақ!“ – деп, жар салатындай болды. 20 жыл Тәуелсіздікте шаттанатын сәттің бірі болды. Бұл Тәуелсіздігіміздің жарқын айғағы.
    Мадина мен Диястың “еңбектерін“ – қап- деп, сан соқтырарлықтай болды. “Әттеген-ай!“ Қасында отырған ес тоқтатқан Досқан ағамыз ақырын ақылға шақырмады ма екен, иә! Мәдинаны сонша дарақтатып жүрген кім сонша?! Қазақтың көрікті де білімді қыздары жетіп артылады емес пе? Жоқ, жүргізушіні де Ресейден сұрату керек пе еді?! Басқарушы ағайлар-ау, 40-на шыдап, 41-не шаршағандарыңыз не?!

  8. Қаншама еңбекті Мадина мен Досхан зая кетірді. Досхан сақалды басымен аузына келгенін айтып былай дейді;(сахнаға кеме шыққан көрініс кезінде) Қазақтарда Нұх пайғамбар деген пайғамбар болған, ол осындай болған, ол мынандай болған деп албаты көкіп отыр. Бір уақытта әлгі кемедегі пайғамбары кемеден түсіп бір қызбен билеп кетті. Апам да аң -таң, мен де аң- таң. Бұл сауатсыздар халық алдында жауап берулері керек. Азиаданың ашылуы жайында хабар жасап жұрт алдында жауап берулері керек.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі