/

Үш өңірде автокөліктерді заңсыз тіркеу схемасы анықталды

50 рет қаралды

Фото: pixabay.com

Ақтөбе облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті прокуратураның үйлестіруімен міндетті алымдарды төлеуден жалтару мақсатында жүк көліктерін заңсыз есепке қоюмен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.

Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында N3 және M1 санаттағы 82 көліктің заңсыз тіркелуін ұйымдастырған. Топ құрамында 9 адам болған, олардың ішінде мемлекеттік автоинспектор мен нотариус та бар.

Олар жүк көліктерін міндетті төлемдерсіз тіркеп беру қызметін мессенджерлер мен интернет-ресурстар арқылы жарнамалап, клиент іздеген.

Өзара келіскеннен кейін топ ұйымдастырушысы көліктер туралы мәліметті ішкі істер органдарының қызметкеріне беріп отырған. Ал ол бұған дейін есептен шығарылған, сипаттамалары ұқсас өзге көліктерді тауып берген.

Содан кейін қылмыстық топ мүшелері сатып алу-сату шарттары мен сенімхаттарды жалған рәсімдеп, бұл іске жалған адамдарды тартқан. Құжаттарды мамандандырылған ХҚКО арқылы өткізіп, көліктерді заңсыз тіркеген. Бұл ретте нотариалдық әрекеттер көліктің нақты иелерінің қатысуынсыз-ақ жасалған.

Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 705 млн теңгені құрады.

Сот санкциясымен күдіктілердің құны 2,4 млрд теңге болатын мүлкі бұғауланды.

Бес күдікті қамауға алынды, үшеуі үйқамақта отыр.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар