“Мінбер” тренингіне қатысушылар тізімі (Алматы қаласы)

1036 рет қаралды
5

Сүйінші хабар! Қымбатты оқырман!
Осыдан екі ай бұрын дәстүрлі «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» атты семинар-тренингіне қатысу үшін «Мінбер» сайтында арнайы байқау жариялаған едік.

imagesБайқаудың тақырыбы – «Блоггер болғым келеді» немесе «Қазақтілді БАҚ және жаңа медиа» болғаны белгілі. Бүгін біз сол байқаудың қорытындысын жариялап, семинар-тренингке қатысуға кімдердің жолдама алғандығын хабарлағалы отырмыз.

«Мінбердің» дәстүрлі семинарына қатысу үшін жариялаған байқаудың алғашқы мәресі жақындады. Былтырғы семинардан биылғы семинардың ерекшелігі – оның қаншалықты өзекті екендігін ескере отырып, Алматы мен Астана қалаларында өткізуді жөн көрдік. Алматы қаласына қатысушылар оңтүстік өңірден – Шымкент, Тараз, Қызылорда, Талдықорған және Батыс өңірден – Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Шығыс өңірінен – Өскемен, Семей және Алматы қалаларынан өтініш берді, Астана қаласындағы семинар-тренингке қатысушылар Солтүстік өңірден – Қостанай, Қызылжар-Петропавл, Кереку-Павлодар, Көкшетау, Орталықтан – Қарағанды, Жезқазған, Батыс өңірінен – Атырау, Орал, Ақтөбе, Ақтау, Шығыс өңірінен – Өскемен, Семей және Астана қалаларынан өтініштер түсті.

Сонымен, осы уақыт аралығында бізге 60-тан астам мақала келіп түсті. Мақалаларға қойылған негізгі талап – жаңа медиа технологияларын қаншалықты деңгейде игерген және проблеманы қалай түсінгендігіңіз сарапқа салынды.

Сондай-ақ, біз аймақтардан келген мақалаларға баса назар аудардық. Біз бүгін Алматы қаласында 27-28 мамырда ҚМЭБИ (КИМЭП) оқу орнында өтетін семинар-тренингке қатысушылардың тізімін жариялағалы отырмыз. Ал, Астана қаласындағы семинарға қатысу үшін өтініш беру маусымның 10-ына дейін жалғасады.

Олар:

Қатысушы Қала
1 Айжан Құлмұханбетова Алматы
2 Ақырыс Сейтқазы Алматы
3 Гүлжайна Алтынбекова Қызылорда
4 Камшат Әбдірайым Ақтау
5 Жазира Әбіл Ақтау
6 Әйгерім Бозанова Қызылорда
7 Ерлік Ержанұлы Алматы
8 Жаңылай Базарбаева Алматы
9 Жансая Жүнісова Қызылорда
10 Әдина Жүсіпова Алматы
11 Науатбек Иманбеков Тараз
12 Ақкөңіл  Қабылбекова Талдықорған
13 Рыскүл  Мадвасова Cемей
14 Меруерт Сафаева Cемей
15 Ерлан  Тәжен Алматы
16 Эльвира  Үсенова Талдықорған
17 Ұлықбек Әлиакпарұлы Түркістан
18 Гүлбиғаш Омарова Алматы
19 Табиғат Абаилдаев Тараз
20 Құралай Қуатова Атырау
21 Раушан Мақымова Шымкент
22 Құралай Ахметова Шымкент
23 Әсел Берікболова Өскемен
24 Бекбосынова Гүлмира Өскемен
25 Салтанат Ақтәжиева Атырау
26 Аслан Сыдықов Ақтөбе

Семианарға қатысушыларды құттықтай отырып, таяу арада тренингті ұйымдастыруға байланысты қосымша мәліметтер жеке пошталарына жолданатынын еске саламыз.

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Алматыдағы тренингке қатыса аламын ба? Мақаламды, анкетаңызды толтырып жібергем

  2. Өте жақсы семинар өтті. Білімімізді толықтырдық, өте қызықты тақырыптар және жақсы ұстаздар. Рахмет!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі