France 24: Орталық Азиядағы газ құбыры – Қытайдың мықтылығының белгісі

4588 рет қаралды
1

kazakh-china-pipeline2“Орталық Азиядағы газ құбыры – Қытайдың мықтылығының белгісі. Қытай күтпеген жерден Орталық Азиядағы геосаяси жағдайға өзгерістер енгізді. Осылайша Бейжің Орталық Азияның байлығын Ресейден де, Батыстан да тартып алмақшы». Францияның «France 24» ақпарат агенттігінің сарапшысы осындай пікірін білдірді.

«Қытай басшысының Орталық Азияға келуі аймақтағы Қытай ықпалының тез дамуына түрткі болмақ» дейді Тиери Келнер, Бруссел Инстиуттының қытайтанушысы.

«Осыдан жиырма жыл бұрын Қытай осынша күшке ие болады деп ешкім ойламаған да еді», дейді еропалық басылым.

Қытайдың Орталық Азияда газ құбырын салуға қатысты Гон Конгтағы Баптист Университетінің қытайтанушысы, профессор Жан Пиер Кабестан: «Қытай Орталық Азияға келуде Африкаға жасаған тәсілін қолданды. Тек бұл жолғы тәсілдері ауқымды болмады» дейді.

Еуропалық басылымның хабарлауынша, Қытайдың Орталық Азиядағы бес мемлекеті Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан мен Өзбекстандағы тауар айналымы 30 млрд. долларға жеткен.

Кельнер сондай ақ Қытайдың дипломатиясына да жоғары баға беруде. «Қытай шетел инвесторлары үшін жабық көрінген Түркменстанның да есігін ашты. Осылайша Түркменстандағы тұйықталған басқару режимінің өзінде амалын тауып, келісім шарт жасасты. Ресейдің ығына бұрылып тұрған ресурстарды өзіне қарай пайдаланды» дейді.

Қытайтанушы Кабестан «Қытайдың орталық Азияның нарқына шығуы Кеңес Одағы құлаған соң ақ басталды», – дейді. Сөйтіп, Қытай өнімі Орталық Азияда Кеңес дәуірінен қалған өндірістің бәрін тұншықтырды дейді.

France 24, агенттігіне пікір білдірген сарапшылардың пікірлерінен қазіргі кезде Орталық Азия елдерін Қытай өз бауырына қарай тартып жатыр деген пікір туындайды. Мақала соңына қарай Француз агенттігі: «Қытай Орталық Азия аймағына келу арқылы Кеңес Одағының құрамында болған елдерді Ресейдің ықпалынан ажыратып жатыр. Алайда, Орталық Азия елдерінің басшылары бір алыптан, екінші бір алыпқа өтуде үлкен сақтық танытуда» деп түйіндеген.
Асхат Сәрсенбайұлы

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар