Ұлттық банктің қазан айындағы макроэкономикалық сауалнамасына қатысқан сарапшылар 2026 жылдың соңындағы инфляция болжамын 10%-дан 9,5%-ға дейін төмендетті. Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметке жылдық инфляцияны жыл соңына дейін 10%-дан төмен ұстауды тапсырған болатын.
Сауалнамаға Қазақстан экономикасын талдап, болжам жасайтын 14 ұйым қатысқан. Олар 2027 жылғы инфляция болжамын да 8,5%-дан 8,3%-ға, ал 2028 жылғы болжамды 7%-дан 6,9%-ға түсірді. Ұлттық банк бұл өз болжамы емес, нарық қатысушыларының пікірі екенін атап өтті.
Ресми статистикаға сәйкес, қыркүйекте жылдық инфляция 9,8%-дан 9,3%-ға дейін баяулады, ал айлық баға өсімі 0,6% болды.
Олжас Бектенов 13 қазандағы Үкімет отырысында жыл соңына дейін шамамен екі жарым ай қалғанын айтып, инфляцияны 10%-дан төмен деңгейде сақтау міндетін қойды. Премьер-министрдің мәліметінше, тоғыз айда экономика 4,2%-ға өскен. Мұнай секторындағы құлдырауға қарамастан, өсімнің шамамен 80,5%-ы құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік, сауда және ауыл шаруашылығы есебінен қамтамасыз етілген.
Дереккөз: ҚР Ұлттық банкі, ҚР Үкіметі, Kursiv.media, Zakon.kz
Парақшамызға жазылыңыз
