/

Хантауға қасқыр басты Ту тіккен

948 рет қаралды
7

kerey janibekМаусымның 1-і күні Астанада, қазақ хандығының негізін қалаушы Керей мен Жәнібек хандардың елді дүрліктірген ескерткіші ашылды. Ел тарихындағы ең айтулы оқиғаның бірі де қазақты қазақ етен екі ерен тұлғаға арналған осы ескерткіш болары да дау туғызбас. Ескерткіш елім дейтін ерлердің тәу етер, ата-баба аруағына мінажат қылар киелі орынға айналары да ақиқат. Жас ұрпақтың алдына келіп бас иіп, тағзым етіп, жаратқаннан жарылқау тілер бір қасиетті мекеннің қажеттілігі баяғыдан туған еді. Ал бүгін сол арман, тілек орындалды.

Алып ескерткішті ашып тұрып Елбасы: «елордамыздың төрінде ұлысымызды заманында ұйыстырған Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіш – тұғырлы тарихымызға, қазақтық елдік дәстүрімізге, мызғымас мемлекеттігімізге арналған мәңгілік белгі… ата-баба аманатына адалдығымыз бен ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі болуы қажет» деді. Міне, халайық, еліңді ел етіп, Хантауыңа қасқыр басты Туын қадап, қазақ хандығын құрған қос ханың төріңнен орын алды. Бабалар рухына деген адалдық ұзағынан болсын.

Алайда, ерен ескерткіштің он алты тонна салмағын қайтейін, хандарымызды бар қасиетінен айырып, алтын тағын былай қойғанда, астындағы атын аудырып алып, жайдақ ерге шоқитып қойғаны жаман ырым болды-е-е.

Жыл басында осы ескерткіштер сынақтан өткенде мынадай пікір айтып едік. М.В.Горелик дегеннен қотарған нәрсе екені де даусыз. Үлкен қателік – мүсінші сымақтың қазақтың ұлттық жадынан жұрдайлығы. Бұны құптаған Салғараұлына айтар сөз қалмай отыр. Тоқпағы күшті болды ма екен, білмейміз. Көкейінде көзі бар адам хан түгіл ойын баласын да жайдақ ерге отырғызбайдлы.Ерге міну, я отырыу — жаман ырым. Өте жаман ырым, Ақан Серінің күйін кеш дегенді білдіреді… Анау, Горелик деген кезінде қылғұрт саясат арқылы қазақтың ханын осылай жасытқан болатын. Оны біздің түйсіксіздер түгелімен қотарып алған! “Қазақ тақсыз болған” дейді. Сонда қазақ ХҮІ ғ. көктен түсті ме? Арысы Шыңғыс ханның, онан кейінгі Жошы, Бата хандардың тағы тақ емес тақтай болып па? Олар да малдас құрып жерге отырып келіп пе? Ай-ай-ай!!!! Ай, қазағым-ай…». Амалғанша! Осы пікірімізбен ешкімі санаспады ғой! Тым болмаса атқа мінсе артқы ұрпағы абаттанып, аруақтанып кетеді деді ме екен?!.. Болар іс болды. Жоғынан бары жақсы ғой. Енді тақтан түскен хандарыңа тағзым ете беріңдер! Тек бүгінгі ханымыз тақтан түспесін!

Б. Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Мақала өте шамырқау жазылыпты өте орынды …йә қайтеиін наданнан туған жетесіздерді бүның астарында рушылдық сұрқыя саясй ойын жатыр ғой!!!!

  2. айт айтпа бәрі бір. бітті. атың өліп ермен қал, малың өліп таяғыңмен қал деген осы. қазақтың тәуелсіздігі алысқа сағым болып кетіп бара жатқанын Керей мен Жәнібек әңгіме қылып тұрған түрі ғой. Бұл хандарымыздың бәрі ағаштың ішінде тығылып көрінбей отыратын болды ғой. Олардың ескерткішін шаммен іздеп әрең табасың. Кенесары тұр суға қарап бір бұрышта кім екені белгісіз. Бөгенбай тұр атында тізгіні жоқ. жол тосып тұрған адам сияқты. Абылай адасып кеткен вообще жоқ. Қазыбек, Әйтеке, Төле үшеуі бір бірнен аумайтын копия болып, олар тұр. Қойшы өзі Ана моңғолдарды қарашы Шыңғыс ханға айқайлатыап тұрып ескерткіш қойған. Ол еще бір адамның қаржысына салынған екен. Біз жүрміз киндердің ішіндегі ойншық сияқты биттей биттей ескерткіш жасап…

  3. Билікке қазақ келмесе өстіп келемежденіп өтеміз-ау.

  4. Ya, shinimen eki batirlarimizdin eskertkishi dalada hangirip halgan syahti goy.MIna Kazakhtin kuni ne bop barat ana tengesi ol konsertke kiretin bilet syahti, bularga ne jasaymiz.

  5. Осы пікірімізбен ешкімі санаспады ғой!
    ___________________________________
    sanaspady deisiz, sanasatyndai kylyp zhetesine zhetkizip aita almagandygynyz!

    Болар іс болды. Жоғынан бары жақсы ғой.
    ___________________________________
    osy bizdin tonmoiyndygymyz bolar is boldy dep otyruymyzdan ittin itakaiy ultty da, ulttyn asyl perzentterin de mazak kylyp keledi :((

hasan жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар