Біздің «крутойларымыз» қайда?

1145 рет қаралды
10

DSC01901Қазақтың кейбір қылықтарына, істеп жатқан істеріне күлеріңді де, жыларыңды да білмейсің. «Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым» деген екен баяғыда біреу. Тағыда қазақ «өзіңнен ұл тумай, құл болмайды» дейді. Енді қазақ өзінен құл салуды да қойған сияқты. Демек, қазақ өзіне өзі сенбейді. Қазақ өзінен өзі қорқады. Сенбеген соң өзі істейтін жұмысты басқаға, жат жұрттықтарға істетеді.

Қазақтың мұнайын жат жұрттықтар сорады… Қазақтың алтын, күміс, көмірін жат жұрттықтар қазады…. Қазақтың футболын жат жұрттық ойнап, жат жұрттық басқарып миллиондаған ақшасын алады. Қазақ масқара болып жеңіліп жатса да оған намыстанбайды. Есесіне қақпасына «ғажайып» голды енгізгені үшін сайқы мазақ еткеніне мәз болып далақтайды. Қазақтың киносын жаттың актерлері ойнайды. Кино жақсы болды ма, жаман болды ма, актер оған да пысқырмайды. Өйткені ойыншыға бәрі бір ақша алса болды.

Қазақ байқұс «Өзіңді өзің сыйласаң жат жанынан түңіледі» деуші еді. «Кісінің кісісі жегенше өзімнің күшігім жесін» деуші еді, шіркін. Оның бәрі әдірем қалыпты. Қазақтың күшігі жейтін ештеме қалмады ау деймін. Енді қазақтың өнерін, той-думанын да жаттық келіп басқарады екен. Ақпанда «Азиада» ойынын өткіземіз деп ақ тер, көктер болып жатырмыз. Ал оның бас қаламыз Астанадағы салтанатты ашылу сәтін Игорь Крутой деген Мәскеулік «крутой» продюсер басқарып, жетекшілік етеді екен. Ау, сонда, бізде таяқшасын шошаңдататын бір дирижер болмағаны ма? Әлгі халықтың, елдің, мемлекеттік дейтін қалың атақ, қалың данқ лауазымдары Крутойдыкінен де крутойларымыз қайда? Әлде біз, әлгі алып таудай атақтарды «әшейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппастарға» беріп жүргеміз бе? Әлде, бұл, өзімізге өзіміз иелік еткенімізге жиырма жылдың жүзі болса да Мәскеуге қарап жалтақтайтын, соның айтқанына көніп, айдағанына жүретін басыбайлы құлдық мінезден әлі күнге арылмағандығымыз ба? Әйтпегенде бір салтанатты кешті жүргізіп, өзі басқаратын бір ұл Алты Алаш Қазақ баласында жоқ дегенге мен сенбеймін! Ал Сіз ше?

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

10 Comments

  1. Автор-еке, сөзіңіз дұрыс, қосыламын… Жаман елді қонағы билейді….
    Қазақ- жүрген жерің мазақ…,азап….
    Әнеу халық неше ғасыр бұрын айтқан сөздер осы заманға сай…
    Қазақта қайдағы крутой, барлығы тек өтірік атақ пен ақшаға құнығып елінің намысын ойлаған бар ма….
    Әттең-әттең, дейсің дә қойасың…
    Автордың сөзіне бір қазақ та тым құрығанда пікір де қоса алмапты – енді не күтерсің бұл байғұстардан..

  2. Бұл қазақтың мақтаншақтық дертіне байланысты туындаған мемлекеттік дәрежедегі далақтау. Яғни, шеттен келіп біреу басқарса тойдың сәні кіргендей болып тұратынды қабылдап үйреніп қалған өзіміздің жадағай санамыз, яки, ұлттық санамыздың қалыптаспағаны! Бұл бірінші. Екіншіден, өз арамыздан кімге басқартамыз дегенде аты аталғандар өзара бірін-бірі жамандап, әй-бір, арызды боратқан шығар деп ойлаймын!

  3. “Сенбе журтка турса да канша мактап” деген бар! Жетистирем деп келип, озге елге шекистирип кете ме ау?!!! Ұлт рухы алаумен гана жанып жок болады десенизши…..

  4. той десе тақылдап шыға келетін, бір кештік жал ақысы пәленпай мың доллор тұратын, өңірі толған сылдырлаған алтын мен күміс көкелерім к… белгілі екен ғой.

  5. Обал жоқ, біздің қазаққа! Сенбеуіміз керек, неге сенеміз? Халықына сенген, ұлтына сенім артақан Кенесары хан не болды? Бір-бірімізді әшкерелеуден, жамандаудан орыстың бодандығына түстік. Берекесіздіктен, бостандығымыздан айырылдық. Қараша қазақ, талай ханды қапы қалдырды. Құлға сенбеу, бір-бірімізге сембеу содан қалған әдет. Сондықтан, қазақтар бір-біріне сенбейді. Менде қорып қалам кейде, өз қазағымнан. Өйткені, біздің қазақ әлі күнге ұлт ретінде қалыптаса қойған жоқ.

  6. Расыменде Азиаданың қазақ жерінде өткені болмаса,өзіміздің өндіріп шаруа атқарып жатқанымыз шамалыға ұқсайды.Айталық билеттердің барлығын дерлік Ресей жасап берген.Тіпті олар өздерінің уакытын жазып жіберіпті-мыс алғашында.Азиадаға арналған сайтты жасауда кәрістерге жүгініппіз. Қарапайым көшедегі эмблеманың шығарушысы Тигран Туниянцтің шеберханасы,қосымшасының авторы Латвиялық суретші екен.Тіпті Азиада стадиондарының қарын да күрейтін түріктер екен. Енді келіп ашылуды Крутой ашса,не дейік?!Осының бәріне қазақтардың күші жетер еді ғой.Қайда шашылмаған ақша дейсің!

  7. Кеше көрдіңдер ғой. Біздің бақырауықтар Ұлықбектің ұлы сөздерін Крутойдың әуенсымағына қосып ән де емес әуен де емес құр айқай болғанын. Сендер не айтқанын түсіндіңдер ме? Бір аптаның ішінде пәленпай ән жазып, оны көркемдеп, оны орындатып шыққан Крутойың крутой екен. Қазақ сорлы екі құлағы салпаңдап а десе а деп, б десе деп, не істеп жүргенін өздері де білмейді, ей! Ей, төрдегі төбел қазақтар, айнаға бір қараңдаршы, осы сендер өздеріңнің қандай адам екендеріңді білмей адасып, шатасып жүрген жоқсыңдар ма! айнаға қараңдаршы!

  8. “Кім не десе о десін, Мен үшін ешкім күймесін,”-дейді екен Шәкерім бабамыз. Қалай айтсақ та, кім не десе де Азияданың ашылу салтанаты мерейімізді өсіріп, ұлттық рухымызды аспандатып тастағаны шындық. М.Мағауин атамызша айтсақ “кешегі көк бөрі, қызыл бөрі қалыбымызды қайта тапттық” емес пе?!Қазақ атымызды айдай әлемге паш етіп, кім екенімізді таныттық. Сондықтан да “құр айқай бақырған ән бе екен” дегендей қанағатсыз құр байбалам қазаққа жаны ашығандық емес.Менің ойымша, өзімізді өзіміз бақастық пен күндестік қылып әжуәлай бергенше, ынтымақ-берекемен жұмылып жұдырық, бір жүрек-бір бауыр болайық!!! “Жақсы сөз-жарым ырыс”деп қазақ бекер сөйлемесе керек.

  9. Қазаққа сеніп берген коментаторлықтың өзін қарық қылған жоқпыз. Кімге өкпелейміз? Оған кім кінәлә?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі