/

Бірнеше ел Microsoft өнімдерінен бас тартып жатыр

794 рет қаралды
2

Қазақ үкіметіндегі компьютерлердің дені Американың Microsoft компаниясының өнімі негізінде жұмыс істейді. Бір компанияның өніміне деген тәуелділік экономикалық тұрғыдан да, қауіпсіздік тұрғысынан да қауіпті. Америкалық алпауыттың деңгейіне жетерлік жеке компьютерлік бағдарлама жасау уақыт пен қаржы тұрғысынан қиын болғанымен кейбір елдер қайнар көзі ашық бағдарламаны ұлттық ұстындарына бейімдеп, Microsoft өнімінен бас тартып жатыр.

Өткен жылдың соңында Ресейдің үкімет басшысы Владимир Путин мемлекеттік құрылымдардағы компьютерлердің бағдарламалық жүйелерін қайнар көзі тегін бағдарламаға көшіру туралы арнайы құжатқа [орыс.т] қол қойды. Бұл құжаттың жоспарына сәйкес Ресейдегі бюджеттік мекемелердегі компьютерлер кезең-кезеңмен 2015 жылға дейін қайнар көзі ашық бағдарламаларға көшуі тиіс. Сонымен қатар ресейліктер төл компьютерлік бағдарламаларын да дамытпақшы. Сондай өнімді жасап шығарған ресейлік «Альт Линукс» компаниясының бас директоры Алексей Смирнов:

“Мемлекеттік мекемелердің жартылай немесе толықтай тегін бағдарламаға көшуі экономикалық тұрғыдан да (мекемелер лицензияланған өнім алып шығынданбайды) және экономиканың инновациялық жобаларының дамуына түрткі болады” деп санайды

Linux – дүние жүзіне қайнар көзі ашық бағдарлама ретінде танымал. Компьютер мамандары қайнар көзі ашық бағдарлама негізінде өздеріне ыңғайлы бағдарлама жасап ала алады.  Оның қазақ тіліндегі нұсқасын жасағандар да бар. Солардың бірі өзін Интернетте baurzhan-мын деп таныстырған қолданушы жеке блогында [орыс.т] бірнеше бағдарламаларды қазақ тіліне бейімдегенін хабарлаған.

Бұнымен қоса, ғаламдық дағдарыс тұсында қаржыны үнемдеудің бір жолы ретінде кейбір елдер қайнар көзі ашық бағдарламаға көшкен. Солардың бір – Бразилия. Үндістан да Бразилия тәрізді үкімет пен білім беру мекемелеріндегі компьютерлерін linux-қа көшірді.

Ал Куба болса, АҚШ бақылауынан құтылу үшін Linux-қа көшкен. Сөйтіп, 2009 жылы Linux негізінде Nova деп аталатын төл бағдарламаларын жасап шығарды дейді Reuters [ағыл.т] агенттігі.

“Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында алдағы уақытта Қазақстандағы бюджеттік мекемелер Linux-қа көшетін болса, бұның артықшылығы мен кемшілігі қандай болады?” деген сұрақты компьютер мамандарына қойған едік.

sabirov (Копировать)Шавкат Сабыров, Қазақстан Интернетшілері қауымдастығының төрағасы:

Microsoft компаниясының өнімдері бірінші кезекте дербес компьютерлер нарығына бағытталып, мәліметтер базасын басқару мен еркін ақпараттық жүйелер нарығындағы өнімдерге бәсеке емес екенін айқын түсінуіміз керек. Әлемдегі дербес компьютерлердің көпшілігі аталған компания өнімін тұтынады. Сөзсіз, техникалық және программалық қолдау, лицензия үшін мемлекет тарапынан қомақты қаржы жұмалып жатыр. Бірақ бұл өнімдерге өз кезегінде кепіл берілетінін ұмытпауымыз керек. Егер бренд атауын назарға алмай қарастыратын болсақ, онда лицензиялы өнім тұтунуым керек пе, әлде қайнар коды ашық бағдарламаны қолданған тиімді ме деген сауал туындайды.

Бағдарламасы еркін өнімдерді (‘open source”) лицензияланған өнімдермен салыстыратын болсақ артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Біріншіден, лицнезиялы өнімді сатып алып, бір жыл қолдану үшін жазылуыңыз керек т.с.с. Бағдарламасы еркін өнімдер болса, өзіңнің жеке бағдарламаңды құруға мүмкіндік береді. Лицензиялы өніммен жеке бағдарлама құру үшін аворлық келісім мен ресми құжаттар және өзге де рұқсаттар керек әрі қосымша шығындар кетеді. Біз өз компаниямызда бағдарламасы еркін өнімдерді қолданғанды жөн көреміз.

Садық Шерімбек, программист:

Sadyk_Sherimbek (Копировать)Соңғы жылдары Линукс (Linux) әлемдегі ең мықты да қауіпсіз, күннен күнге жоғары қарқында дамып жатқан операциялық жүйелердің біріне айналғаны сөзсіз. Әлемнің ақпараттық тұрғыдан озық елдері бұл процесті алдын ала болжай отырып, осы аталған жүйеге көшуде. Бұл тұрғыдан көршіміз Ресей өте дұрыс саясат ұстанып отыр деп ойлаймын. Өйткені уақыт өте келе қаржы дағдарысы, жалпы ақпараттық сауаттылық, ақпараттық қауіпсіздік деген секілді маңызды факторлар әлемді осы жүйеге қарай алып келе жатыр. Мысалы, ақпараттық қауіпсіздік мақсатында әлемдік web серверлердің көп пайызы негізгі жүйе ретінде Линуксты пайдаланып отыр.

Бұл мәселені өз еліміздің шеңберінде қарап көрелік. Жалпы, Линукс бізге не бере алады? Біріншіден, өзіңіз айтып отырғандай Қазақстандағы бюджеттік мекемелер Линуксқа көшетін болса, олардың бағдарламалық қамтамасыз етуге “аталған” бюджеттік мәселелері бірден шешілер еді деп ойлаймын. Екіншіден, Линукс жүйесі өте қарапайым және қолданушы үшін өте ыңғайлы. Үшіншіден, Линуксте қауіпсіздік жүйесі толық қамтылған. Ал бұл, біз айтып отырған мекемелер үшін өте оң боларына күмән жоқ. Төртіншіден, Linux жүйесі бізде Қолданыста жүрген кез-келген бағдарламаның баламасы табылады.

P.S. Ресейліктердің Linux-қа көшуінің негізгі себептерінің бірі ретінде жұртшылықтың Microsoft-тың өнімдерін қарақшылық жолмен тұтынып, заңды бұзу оқиғаларының жиілеп кеткені де аталады. Ал Қазақстандағы мекемелердің Linux-ға көшпеуіне салық саласына қатысты интернетпен тапсыратын құжаттар Microsoft-қа бейімделіп әзірленгендіктен деп санайды. Әрі ең үлкен күдік Linux-қа көшкен соң әлемдік қауымдастық көшінен қалып қоймаймыз ба деген сауал туындайды.

Асхат Еркімбай, “Қазақстан Іскері” басылымынан

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Ат сабылдып іздедік. Бірақ таба алмай жатырмыз, расында да. Меніңше, “журналистерді қолдау орталығы” осы программа жайында бір шара ұйымдастырса екен деген ниет, тап-тілек бар. Шыныменде, Microsoft-тың лицензияланбаған бағдарламаларды оқи берді. Мен де бір күмән бар, егер “лицнезиялы өнімді сатып алып, бір жыл қолдану үшін жазылуыңыз керек” болса, біздегі дербес компютер пайдаланушылар саны күрт төмендеуі мүмкін. Себебі, бүгінде жастардың компютер (ноутбукта бар) пайдаланушылар саны жыл сайын артып келе жатыр. Оған, басты себеп, арзан әрі шығындардың аздығы себеп деп ойлаймын. Енді, жаңа өнім Линукс қолданысқа енсе лицензияланған өнімдердің бағасы аспандап кетеді. Сондықтан, жаңа технологияларды пайдалану тұрғысынан, біздің ел – дамаушы мемлекет болып саналады. Сол үшін, әзірге Линуксты пацдалану ерте деп ойлаймын.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі