///

Абай және Азанбай

1201 рет қаралды
5

Асыл отаныңнан алыс шетте жапа шегіп жүріп нәсілдесіңді көргенде көзің оттай жанып, еріксіз бір жалт етіп қарайсың. Сонау жерге дейін әлгі ұшырасқан жанарды қарасыңмен қадым жерге ұзатып салу ықтималдығы да жоғары. Айналып, бұрылып қарағанда қарашық оттары шарпысып та қалатыны да жиі ұшырасады. Немесе көкейде «қазақ па екен» деген ой өрістеп кете барады. Ол да сенің туған жеріңе деген аңсардың көзі. Мүмкін болса, егер тас жүрек, өзінен жеріген өте-мөте безбен болмаса бір қайырып тілдесіп қалсам деген дәме де қылаң береді. Егер қос ынтық сәйкестік таба қалса қалайда тіл алмасады. Тап осындайда қазақша сайраса қані?! Бұл бізге ғана тән емес, ұлттардың бірі біріне сіңісуі біткенше жүрілетін үдерісі.

Ал алаш баласы үшін ол адамың Абай болса ше? Аспаннан алтын жауғанмен бірдей емес пе? Азанбай абыздың аузынан Абай атын естігенде «қолды аяққа» тоқтамай кеттік. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» дейді абыз Абайдан тартып. Біз таңертеңінде бар асай-мүсейімізді асынып Абайға сәлем беруге аттандық.

Абай атамыз Ыстамбұл қаласының Зейтінбұрнұ ауданындағы Абай атындағы орта мектептің оңтүстік бүйіріндегі аяқдобы (футбол) алаңының алдыңғы жағын ала кішігірім бақта жүзін Босфор бұғазына бере жайғасыпты. Алдында, тізесінің үстінде айқара ашқан кітап жатыр. Шоқша сақалы теңізді нұсқайды. Жүзінен қалжыраған, шаршап, әбден болдырғандық белгісі байқалады. Алып тұлғасы (біз елестететін) аңсиып, арып-солған. Жақ сүйегі шығыңқы, көзі шүңірейіп, танауы қоңқиған, қос иығы қушиған. Арбиған саусақтары тарамысты. Алқымы ары таман. Шүйдесі жұқа. Қалам ұстағаннан гөрі керуенге ілесіп көп жүргенге ұқсайды. Астынан аты, аузынан ақ майы кетпеген бай-шонжар, ақылдың ақыны деуден гөрі айдаудан қайтқан селжүк текті Қарақұмның қариясына көбірек ұқсайды екен.  Абай деп айпарадай қылып жазған атына бола қол беріп амандастық. Алдында тұрып суретке түстік. Айланып, толғанып көрдік. Көкейімізде біздің мүсіншілеріміздің жігерсіздігіне, намыссыздығына жігеріміз құм болып қала берді. Бұндай рухсыздықты жасағанша, жасамаған баяғыда артық емес пе? Нағыз азаматтың соққан мүсіні тамсандырып, таңғалдырып, өзіне тартып тұрар еді? «Пай-пай» дегізбей ме?! «Ұлы шайыр десе дегендей екен» дегізбей ме?! Амал не? Дегізбейді!!! Әр бір ескерткіш көрген жанға көз тоярлық ләззат сыйлауы керек емес пе? Ол мүлдемге жоқ!  Арбиған түріктің қара кетпеннен қажыған бір қара шалы отыр… жансыз бір дүние. Ол неге айдалада бұрышта қалған?

Ол неге ат-есімі берілген мектептің алдынан орын теппеген? Оны неге көзге шыққан сүйелдей ғып анау жаққа оқшау қойған? Сырттан келген адам бұл маңайда Ұлы Абай ақынға арналған ескерткіш барын да білетін мүмкіндіксіз, тасада отыр. Біз қалауымыз Абай болғандықтан барып таптық! Бұлайша Ұлыны ұлықтадым деп ұятқа қалғанша ұлықтамай-ақ қойғаны артық емес пе? Бұл жайында мектептің тәрбие ісі меңгерушісіне ашық айттық. Ол пікіріміздің жөн екеніне дау айта алмады. «Осылай шешіпті» деп құтылды. Мектептің маңдайшасында да немқұрайлы жазылған «Istanbul Zeytinburnu kazlisesme Abay ilkogeretim okulu» деген жазу бар. Бұл қай Абай, кімнің Абайы? Ол да беймәлім. Тап маңдайға «Қазақтың Ұлы шайыры Абай» деп неге жазбасқа! Жазғы демалыс мезгілі болғандықтан бұл мектепте Ұлы шайыр Абайдың қаншама дәрежеде насихатталатыны туралы ешкім жауап бере алмады. Осы мектепте отыз шақты қазақ баласы оқитын сыңайлы. Солқылдақ жауаптың аңғартқаны: Зейтұнбұрнұның жергілікті қазақ балалары бұл мектепте оқымайтын болуы да бек мүмкін.

Ыстамбұлдағы қазақ консулының Абай атындағы мектеппен қанша қарым-қатынасы, байланысы барын біле алмадық. Біздің ойымызша қазақтың Түрік еліндегі мәдени орталығы осы мектеп неге болмасқа?! Төрткүл дүниеге тарыдай шашыраған қазаққа мәшһүр Түркияны бес он жылдан астам түбегейлі мекен етіп, төрт құбыласы теңеліп, түгі жылтырап отырған Ыстамбұлдың түменге жуық қазағы бар баласын осы мектепте неге оқытпасқа,  гүлдендіріп, қазақ мектебіне айналдырып жіберсе неге болмасқа?!

Азанбай абыз біздің Абай атындағы мектепке баруымызды онша қош көрмей отырған сыңайлы еді…

(басы өткен сандарда, жалғасы)  Бурылалтай

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Қазақ қайда да қазақ. Бүйтпесе қазақ бола ма? Өзімнің кісім жегенше өзгенің иті жесін деп жүрген шығар.

  2. Көп түкірсе көл деген. Түріктің бай қазақтары қайда қарап жүр? Бір Абайдың мүсінін мазақ еткізіп қойып, солардың қардысы жетеді. Ал біздің қазақтар ақшаларына арал сатып алады.өлседе Абайға ескерткіш орнатпайды.

  3. Көп түкірсе көл деген. Түріктің бай қазақтары қайда қарап жүр? Бір Абайдың мүсінін мазақ еткізіп қойып, солардың қардысы жетеді. Ал біздің қазақтар ақшаларына арал сатып алады.өлседе Абайға ескерткіш орнатпайды.
    +1

Islam жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері