/

Әл-Фараби, Абай, Мұқағали сынды үш тұлғаның есімін Шонжы ауылының орталық көшелеріне беру ұсынылды

1572 рет қаралды
1
Фото Elarna.kz

Ономастика заңнамасына сәйкес көше атауларын өзгерту туралы ұсыныс ауыл тұрғындары жиналған жиында айтылып, ашық түрде дауыс берілді. Тұрғындардың көбі бұл тарихи өзгерісті қолдаған.

Жаңа атауға ұсынылған көшенің алғашқысы әл-Фараби. Аудан орталығындағы ең үлкен бұл көшеде 232 үй, аудандық кітапхана, бірнеше маңызды әлеуметтік  нысан бар. Тұрғындар осы жиында Шонжыдағы тағы  бір орталық көшеге қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының аты берілсе деп ұсынды. “Мінбер” сайты Ұйғыр ауданында Абай атындағы көшенің жоқ екендігі туралы жазған еді.

Сонымен қатар, тағы бір көшеге биыл 90-жылдық мерейтойы аталатын ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың есімі берілмек.

Қарадала аймағын дамытуға зор үлес қосқан Кентал Исламов, Нуршидин Аппазов, Абдулла Розыбакиев сынды азаматтардың есімін аудан орталығында жаңадан ашылып жатқан  үш көшеге беру ұсынылды.

Көше атауларын беру және оны қайта атау туралы мәселелер жергілікті атқарушы органдар мен аудандық мәслихаттың бірлескен шешімімен облыстық ономастика комиссиясының қарауына жіберілді. Алдағы жеті күн ішінде облыстық ономастика шешім шығарады.

Ауыл тұрғыны Сайдахмет Қасымов әлемге әйгілі әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының есімдерін ауыл көшелеріне баяғыдан-ақ беру керек еді, деп айтып, бұл ұсынысты ауыл тұрғандарының қолдайтынын жеткізді.

Аудандық мәслихат хатшысы Нұрәкім Есжановтың айтуынша, өзгерген көше атаулары жеті күннің ішінде күшіне енеді.

Дереккөз Жетісу арнасы https://www.facebook.com/100041760694960/videos/523830355685650/

Сурет elana.kz
 

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі