Әсет Найманбайұлы (1867 – 1923) – қазақтың атақты әнші – композиторы, суырыпсалма ақыны. Қарқаралы уезінің Темірші болысына қарайтын 8 ауылда ( қазіргі Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы, «Қызыларай» колхозы ) туған. Осы маңдағы Керегетас, Қызыларай таулары мен Қаршығалы өзенінің бойы Әсеттің атамекені болған.






Әншімін, атым – Әсет, арындаған
Арындап ән сала ма дарымаған.
Аспанның аясында ән шалқытқан,
Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған.
Көмекей көк қапысын әнмен ашса,
Төгіліп меруерт-маржан сауылдаған…
Иә, Әсет Найманбаев сұмдық әнші болыпты. Шіркін, дауысын бір естір ма еді?
Жатқан жеріне барып, зиярат етер ма еді…
Біздің ауылға келін бол, сонымен күндіз-түні зиярат етесің 😀