/

Мәскеудің «таңғажайып инспекторлары»

648 рет қаралды

Өте-мөте қызық әрі жағымдылау жағдай. Mail.ru хабарлауынша осы жылдың соңына дейін Мәскеу қаласының жол қозғалысы қауіпсізігі инспекторларының автокөліктері инспекторлардың іс-әрекетін бақылап тұратын регистраторлар – бейне бақылау қондырғыларымен жабдықталатын болыпты. Ол құрал машинаның алдындағы  жағдайды ғана бақылап, бейне таспаға түсіріп қоймайды екен, сонымен қатар автокөліктің ішінде не болып жатқанын күндіз де түнде де көретін әрі көргенін, естігенін түгел жазып алатын аспап болса керек. Инспектордың қолынан ол жазбаны өшіру, жойып-жоғалту қанша тыраштанса да келмесе керек. Ол тек арнайы даярланған мамандар мен арнайы бағдарламаның көмегімен ғана оқылатын көрінеді.

Ведомства басшылығы осы құралды жаппай қолданысқа ендірудің нәтижесінде Мәскеу қалалық жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекторларының (ҚЖҚИ) жемқорлығын күрт тиямыз деп отырса керек. Бұл бейне бақылау құралы инспектор қызметіне кіріскен сәттен іске қосылып, жұмыс уақытты аяқталғанда тоқтайтын көрінеді. Және осыған қоса инспектрларды бейне бақылаудың «көзінен таса болмауды» міндеттейтін ереже де дайындалыпты. Олай бола қалған күнде инспекторлардың бейне бақылауға ілінбей қалған уақыты инспектордың біліктілігі жеткіліксіз деп бағаланатын болса керек…

Сонда қалай, Мәскеу ҚЖҚИ-лары кезекті қызмет кезінде дәретке бармайтын адамдар болғаны ма деген ой туындайды. Олай болса жарапты. Қазекең «орыс ойына келгенін істейді» деп те айтушы еді. Білгенен айтады екен ғой… Бізге де осындай  регистраторлар мен дәрет сындырмайтын таңғажайып инспекторлар керек-ақ! Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі