/

«Жетісу Арланы» халықаралық турниері өтті

884 рет қаралды

Жаугершілік заманда «Жекпе-Жек» деп атой салған батыр бабаларымыздың өр рухы қайта жаңғыруда. Қараша айының 4-6 аралығында Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында  ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне Ұлттық жекпе-жектен «Жетісу Арланы» атты халықаралық турнир өтті. Қасиетті құрбан айтқа тұспа-тұс келген білекті де жүректі жігіттердің байрақты бәсекесін Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Республикалық жекпе-жек федерациясы ұйымдастырды. Жарысқа жерлестерімізбен қатар көрші Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей,Тәжікстан және Түркіменстан мемлекеттерінен келген спортшылар қатысып, 9 салмақ дәрежесі бойынша біріншілікті сарапқа салды. Жан алысып, жан беріскен адуынды айқастар барысында жерлестерімізге әсіресе айыр қалпақты ағайындар қатты қарсылық көрсетті. Қырғыз туғандардың арасында 18 жасар Азатбек Анарбайұлы тамаша өнерімен көзге түсті. Азатбек жастығына қарамастан барлық қарлысастарын айқын басымдықпен жеңді. Өз қандастарымыздың ішінде Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Исатай Мақарамовты айрықша атап өткен жөн.Исатай жартылайфиналда астаналық Жан Жақсыбаевты оң аяғымен айнала жақтан теуіп,естен тандырды.

Ал,алма-кезек табыспен өрбіген ақтық айқаста талдықорғандық Олжас Ахметхановты қолды ауырту әдісімен таза жеңді.

Сондай-ақ екі күнге созылған тартысты бәсекелер қортындысында  алматылықтар Рүстем Сайдуллаев, Алексей Бодюков, Игорь Свирид, қырғызстандық Ақтілек Жұмабекұлы, Алматы облысының өкілдері  Алмасбек Қолшараев, Камил Ибишев және состүстік қазақстандық Георгий Емельяновтар өз салмақтарында жеңімпаз атанды.

Жалпы командалық есепте Қазақстан 7 алтын, 7 күміс, 4 қола алып 1 ші орынға көтерілді. Қырғызстан 2 алтын, 2 күміс, 3 қоламен екінші орынан көрінсе, Өзбекстан құрамасы 2 қоламен үшінші орынға жайғасты. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар тарапынан диплом,медаль,кубоктармен қатар қомақты қаржылай сыйақылармен марапатталды. Сабыржан Махметов бастаған Республикалық жекпе-жек федерациясының басшылығы келесі халықаралық турнирді желтоқсанның 9-11 аралығында Алматы шаһарында өткізуді жоспарлап отыр.

Мақсат Раджұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі