/

Академик Салық Зиманов өмірден озды

1298 рет қаралды
2

Мемлекет және қоғам қайраткері Салық Зиманов өмірден озды. Қазыналы қартымыздың арты қайырлы болсын! С.Зиманов 1921 жылы ақпанның 19-ында туған. Соғысқа дейін мұғалім болып еңбек етті. 1940 жылы Салық Зиманұлы әскер қатарына шақырылады. Ал Ұлы Отан соғысы басталған кезде ол Бас Кавказ жотасында жаудың жолын бөгейді. Бұдан кейін Кеңес Одағы әскерінің құрамында Кубань, Воронеж, Харьков, Кировоград, Кременчук қалаларын азат етуге, Данциг, Кенисберг қалаларын алуға қатысқан. Осылайша Берлинге де жетіп, жеңіс туын қадауға үлес қосты. Полк штабының бастығы болған гвардия майоры Салық Зимановтың майдандағы ерлік жолы І-інші және ІІ-інші дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл жұлдыз» ордендерімен және көптеген медальдармен, соның ішінде «Кавказ қорғанысы үшін» медальмен бағаланған. Соғыстан кейін Бүкілодақтық заң институтының Қазан филиалын және КСРО Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтының аспирантурасын ойдағыдай тәмамдады. С. Зиманов – заң ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Ғылым Академиясының академигі. Ол – көрнекті юрист-теоритиктердің бірі, танымал мемлекет зерттеушісі, Қазақстандағы қоғамдық-саяси ой тарихының шежірешісі, қазақтың әдет-ғұрып құқығының білгірі, әрі республикадағы философия мен құқық ғылымын, сондай-ақ оқу-ағарту ісін ұйымдастырушы.

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Беу, ЖАЛҒАН дүние-ай! Марқұмның жатқан жері жайлы болсын! Топырағы торқа болсын!

ErKahan жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі