Мемлекет және қоғам қайраткері Салық Зиманов өмірден озды. Қазыналы қартымыздың арты қайырлы болсын! С.Зиманов 1921 жылы ақпанның 19-ында туған. Соғысқа дейін мұғалім болып еңбек етті. 1940 жылы Салық Зиманұлы әскер қатарына шақырылады. Ал Ұлы Отан соғысы басталған кезде ол Бас Кавказ жотасында жаудың жолын бөгейді. Бұдан кейін Кеңес Одағы әскерінің құрамында Кубань, Воронеж, Харьков, Кировоград, Кременчук қалаларын азат етуге, Данциг, Кенисберг қалаларын алуға қатысқан. Осылайша Берлинге де жетіп, жеңіс туын қадауға үлес қосты. Полк штабының бастығы болған гвардия майоры Салық Зимановтың майдандағы ерлік жолы І-інші және ІІ-інші дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл жұлдыз» ордендерімен және көптеген медальдармен, соның ішінде «Кавказ қорғанысы үшін» медальмен бағаланған. Соғыстан кейін Бүкілодақтық заң институтының Қазан филиалын және КСРО Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтының аспирантурасын ойдағыдай тәмамдады. С. Зиманов – заң ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Ғылым Академиясының академигі. Ол – көрнекті юрист-теоритиктердің бірі, танымал мемлекет зерттеушісі, Қазақстандағы қоғамдық-саяси ой тарихының шежірешісі, қазақтың әдет-ғұрып құқығының білгірі, әрі республикадағы философия мен құқық ғылымын, сондай-ақ оқу-ағарту ісін ұйымдастырушы.
Академик Салық Зиманов өмірден озды

Соңғы жазбалар
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі Оралдағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны шілденің 27-сінен бері жанып жатыр. 37
Гонконгте семсерлесуден ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Аталмыш додада Қазақстан ерлер құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізіп,
Фото: ЖИ құралдарын пайдаланып жасалған Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады. Астанадағы жедел жәрдем станциясының үш
Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтбаев Лондонның «Челси» клубының негізгі құрамындағы алғашқы ойынында голымен көзге түсті. 17
Фото: ҚР Орталық сайлау комиссиясы Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысатын партиялық тізімдерді тіркеуді аяқтады.
Фото Нәзира Дәрімбеттің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасынан «Әділ сөз» Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры қазақстандық белгілі
2016 жыл. АҚШ, Нью-Джерси. MetLife Stadium. Копа Америка финалы. Аргентина тағы да шешуші ойында сүрінді. Чили
Әлем кубогінің финалында Аргентина мен Испания кездеседі. Бұл – тек алтын жүлде үшін тартыс емес, тұтас
Бүгін «Kunanbayev Cup – 2026» 3-халықаралық әуесқойлар турнирінің салтанатты ашылуы өтті. Үш күнге созылатын интеллектуалдық додаға
«Азаттық» радиосының Қазақ қызметі алдағы Құрылтай сайлауын аккредиттелген журналистерсіз өткізу қаупі барын мәлімдеді. Редакциядағы 11 журналистің
Беу, ЖАЛҒАН дүние-ай! Марқұмның жатқан жері жайлы болсын! Топырағы торқа болсын!
Ия, Алланың нұры жаусын, топырағы торқа болсын…