Мемлекет және қоғам қайраткері Салық Зиманов өмірден озды. Қазыналы қартымыздың арты қайырлы болсын! С.Зиманов 1921 жылы ақпанның 19-ында туған. Соғысқа дейін мұғалім болып еңбек етті. 1940 жылы Салық Зиманұлы әскер қатарына шақырылады. Ал Ұлы Отан соғысы басталған кезде ол Бас Кавказ жотасында жаудың жолын бөгейді. Бұдан кейін Кеңес Одағы әскерінің құрамында Кубань, Воронеж, Харьков, Кировоград, Кременчук қалаларын азат етуге, Данциг, Кенисберг қалаларын алуға қатысқан. Осылайша Берлинге де жетіп, жеңіс туын қадауға үлес қосты. Полк штабының бастығы болған гвардия майоры Салық Зимановтың майдандағы ерлік жолы І-інші және ІІ-інші дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл жұлдыз» ордендерімен және көптеген медальдармен, соның ішінде «Кавказ қорғанысы үшін» медальмен бағаланған. Соғыстан кейін Бүкілодақтық заң институтының Қазан филиалын және КСРО Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтының аспирантурасын ойдағыдай тәмамдады. С. Зиманов – заң ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Ғылым Академиясының академигі. Ол – көрнекті юрист-теоритиктердің бірі, танымал мемлекет зерттеушісі, Қазақстандағы қоғамдық-саяси ой тарихының шежірешісі, қазақтың әдет-ғұрып құқығының білгірі, әрі республикадағы философия мен құқық ғылымын, сондай-ақ оқу-ағарту ісін ұйымдастырушы.
Академик Салық Зиманов өмірден озды

Соңғы жазбалар
Фото: Сали Сабиров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады. Президент
Фотолардың авторы: Сали Сабиров Италия аспанының астында, мұз айдынының мөлдір төрінде Тәуелсіз Қазақстанның көк туы асқақтай
Фото: election.gov.kz Қазақстанда 15 наурыз референдума өтетіні белгілі болды. ҚР Президенті Қ.Тоқаев қол қойған жарлықта «2026
Фото: www.bbc.com Getty images Джеффри Эпштейн – ХХІ ғасырдың ең даулы əрі ең көп зерттелген кейіпкерлерінің
Фото: pixabay.com Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында агроөнеркәсіп кешеніндегі жүйелі мәселелерді ашық көтерді. Президент
Фото: pixabay.com Қазақстан үкіметі ұсынған 8 трлн теңгелік ұлттық энергетикалық жоба ірі инвестициялық бастама болумен қатар,
Фото: istockphoto.com Елімізге батыстан келетін циклон мен атмосфералық фронттар алдағы күндері қолайсыз ауа райын алып келмек.
сурет ашық дереккөзден алынды “Медиа қолдау” ұйымының жетекшісі, журналистер құқығын қорғаушы заңгер Гүлмира Біржанованың айтуынша, Қазақстандағы
photo: egov.kz Қазақстанда тегін заң көмегін алу құқығы Конституциямен бекітілген. Бюджет 2018 жылдан бері 59%-ға өсіп,
Фото: gettyimages.com, David Ramos Аргентиналық футбол жұлдызы Лионель Месси алдағы уақытта Барселона клубына қайта оралуы мүмкін
Беу, ЖАЛҒАН дүние-ай! Марқұмның жатқан жері жайлы болсын! Топырағы торқа болсын!
Ия, Алланың нұры жаусын, топырағы торқа болсын…