///

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетеді

800 рет қаралды
4

«Еліміздің Премьер-министрі Кәрім Мәсімов отставкаға кететіні жайлы өтініш жазды. 17 қаңтар күні ОСК Парламент сайлауының қорытындысын жариялады, сол себепті Үкімет таратылуы тиіс» делінген дереккөздің таратқан хабарламасында.

 

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетпек. Бұл туралы Астанадағы  бейресми дереккөзге сілтеме жасай отырып, ҚазТАГ  хабарлады.

Агенттіктің хабарламасында Елбасының жуық арада Премьер мен оның команда мүшелерін отставкаға жіберіп, Үкіметтің жаңа құрамы құрылғанша Премьердің міндетін уақытша атқаруды Кәрім Мәсімовке жүктеу туралы Жарлық шығаруы мүмкін екендігі айтылған.

15 қаңтар күні елімізде кезектен тыс Парламент  Мәжілісі сайлауы өткен болатын. Сайлау қорытындысы бойынша, «Нұр Отан» – 83, «Ақ жол» – 8, ҚКХП – 7 мандатқа ие болды.

Дереккөз: 1tv.kz

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Кош бол тук бытырмеген муртты кайын ага!!! Карындастар мен Куйеу балалар аман болсын бары солардын аркасы гой!!!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі