2012 жылдың 22-24-наурыз аралығында Астана қаласы Назарбаев Университетінде өтетін BlogCamp 2012: Блог құрылтайға тіркелу рәсімі басталды. Блог Құрылтайдың ресми сайтындағы ұсынылған тіркелу бөлімінен өз өтінішіңіз бен презентацияңыздың тақырыбын және т.б сұрақтарға жауап беру арқылы тіркеле аласыз. Тіркелу уақыты 20-ақпанға дейін. Қазірге дейін 46 адам тіркеліп үлгерген. Блогер, биылғы Блог құрылтайды ұйымдастырушылардың бірі Талғат Байназаровтың айтуынша аталған шараға қатысушылар көлемі 120 адам айналасында болады деп жоспарлануда екен. Шараның мақсаты қазақ тілді интернет контентінің сапасын арттыру дейді ұйымдастырушы блогерлер. Қатысушылар әр сала өкілдері болмақ, арасында програмистер, сайт жасаушылар, мұғалімдер, студенттер, журналистер де бар.
Парақшамызға жазылыңызBlogCamp 2012: Блог құрылтайға тіркелу басталды

Соңғы жазбалар
Соңғы бес жылда Қазақстанда жастар арасындағы өзіне қол жұмсау көрсеткіші Ақмола, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында
Елорда төрінде семсерлесуден өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Ұлттық құрама көшбасшысы Руслан
28 наурыз күні еліміздің түкпір-түкпірінде дәстүрлі түрде жарық сөнеді. Бұл – электр энергиясын үнемдеуден бұрын, табиғатқа
Ботагөз Омарова ісі ресми мәлімдемелер мен тәуелсіз медиа тәжірибесі арасындағы алшақтықты қайтадан күн тәртібіне шығарды. 21
2026 жылдың 21 наурызында Алматы қаласының Аль-Фараби даңғылында ауыр жол-көлік апаты болып, үш адамның өмірін жалмады.
Фото: facebook.com 2026 жылдың 21 наурызына қараған түні Алматыда болған жол-көлік оқиғасы бірнеше күн ішінде қоғам
Жетісу облысы – Қазақстандағы су қоры мол өңірлердің бірі. Соған қарамастан, соңғы жылдары аймақ өзендеріндегі балық
Қарасай ауданына қарасты Әйтей ауылы соңғы жылдары экологиялық түйткілдің ортасында қалып отыр. Ауыл маңындағы қоқыс полигоны
Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумның дауыс беру қорытындыларын жариялады. Қорытындыларға сәйкес референдум өтті, Қазақстан Республикасының жаңа
Фото автордікі. Орал қаласының әкімдігі Оралда 2026 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 19 қаңтар

Блог құрылтайларың құтты болсын! Қазақ тілін дамытыңдар осылай, жаңа тәсіл, өзгеше жақтан келіп! Алға!
Ассаламуалейкум! Алдағы уақытта Астана қаласында болатын блог құрылтайға қатысқым келеді. Презентация дайындау жағына келгенде біраз “сасып” қалып отырмын. Жалпы презентацияны қалай дайындайды, сол жағынан біраз ақыл – кеңестеріңізді бересіздер ме? Презентация” міндетті емес” деп оқып едім. Кеше тіркелейін десем, болмай қойды.
http://www.blogcamp.kz/?p=97
Осыны оқып көріңіз. Сәттілік!