///

BlogCamp 2012: Блог құрылтайға тіркелу басталды

821 рет қаралды
3

2012 жылдың 22-24-наурыз аралығында Астана қаласы Назарбаев Университетінде өтетін BlogCamp 2012: Блог құрылтайға тіркелу рәсімі басталды. Блог Құрылтайдың ресми сайтындағы ұсынылған тіркелу бөлімінен өз өтінішіңіз бен презентацияңыздың тақырыбын және т.б сұрақтарға жауап беру арқылы тіркеле аласыз. Тіркелу уақыты 20-ақпанға дейін.    Қазірге дейін 46 адам тіркеліп үлгерген. Блогер, биылғы Блог құрылтайды ұйымдастырушылардың бірі Талғат Байназаровтың айтуынша аталған шараға қатысушылар көлемі 120 адам айналасында болады деп жоспарлануда екен. Шараның мақсаты қазақ тілді интернет контентінің сапасын арттыру дейді ұйымдастырушы блогерлер. Қатысушылар әр сала өкілдері болмақ, арасында програмистер, сайт жасаушылар, мұғалімдер, студенттер, журналистер де бар.

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Блог құрылтайларың құтты болсын! Қазақ тілін дамытыңдар осылай, жаңа тәсіл, өзгеше жақтан келіп! Алға!

  2. Ассаламуалейкум! Алдағы уақытта Астана қаласында болатын блог құрылтайға қатысқым келеді. Презентация дайындау жағына келгенде біраз “сасып” қалып отырмын. Жалпы презентацияны қалай дайындайды, сол жағынан біраз ақыл – кеңестеріңізді бересіздер ме? Презентация” міндетті емес” деп оқып едім. Кеше тіркелейін десем, болмай қойды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері