//

Ашаршылық зобалаңы(деректі фильм)

1557 рет қаралды
3

“Қазақ тарихындағы ең қаралы, ең қасіретті кезең – 1932-1933 жылдар – халықымыздың тең жарымын, бәлкім, одан да көбірек бөлігін жалмап жатқан ғаламат ашаршылық. Қазір бұл сұмдық заманды баяғы Ақтабан-Шұбырынды уақиғасымен салғастырып жатады. Онда да қазақ халқы ауыр шығын тартқаны белгілі. Қалған ел қонысынан ауып, жан-жаққа бытыраған, қаншама қиындыққа ұшыраған. Бірақ Ақтабан-Шұбырынды – жаугершілік кезіндегі ауыр жеңіліс нәтижесінде тап болған бақытсыздық еді. Ер-азамат айқасып, арпалысып өлді, бала-шаға, кемпір-шал тура келген ажалға ұшырады.  Аман қалған азаматтардың басы бос болды, қолында қауы болды; ел-жұрт қайтадан ұйысып, қатерлі жауға қарсы жаңа күресін бастады. 1932-1933 жылғы ғаламат ашаршылықтың жөні мүлде бөлек. ” – дейді Мұхтар Мағауин.

Назарларыңызға режиссер, документалист, Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері Қалила Омаровтың “Нәубет” деректі фильмін ұсынамыз.

Сурет: thenews.kz

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Мұхтар Мағауин тағы да: “1933 жылғы ғаламат
    ашаршылықтың жөні мүлде бөлек. Бұл қолдан жасалған, жоспарлы түрде
    ұйымдастырылған және барлық шығын бір жақтан қазақтар жағынан ғана болған коммунистік кенотцит еді. 1933 жылдың жазына жеткен, аштықтан аман қалған адамдардың тіршілік байыбы, дүние танымы да жаугершілік шапқыннан аман қалған кісінің көзқарасынан мүлде басқа тұрғыда болғаны күмәнсіз. Осыған орай кейінгі ұрпақтың ұғымы шектеулі, мұраты кемшін қалыптаспақ. Қазақ «бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама» деген. Бір адам емес, бүкіл халық ашықса бір-екі күн емес екі жыл, үш жыл бойы үздіксіз ашықса, оның зардабы қырық жылға, қырық емес
    сексен, жүз жылға кетпек, бір ұрпақ емес, әлденеше ұрпаққа залалын тигізбек. Біз сол есі шыққан, ақылы азайған өмірдің бар мәні нан табу ғана болып көрінетін апат аймағынан әлі ұзап кеткеміз жоқ. Біздің санамыз тұрмыс-тіршілік барлық болмыс-бітіміміз бұдан 60 жыл бұрын халқымызды топан суындай жайпап өткен зұлмат зардабынан әлі айыға алмай отыр.” дейді.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі