///

Бір топ жазушы Нұрлан Оразалиннің жұмыстан кетуін талап етті

1023 рет қаралды
7

“16 жыл бойы жазушылар одағының жылы креслосынан түспей отырған Нұрлан Оразалиндей мәңгілік төраға бізге керек емес!” Осылай деген қазақтың бір топ жазушысы бас қосып, “әдебиетті қорлаумен келе жатыр” деп Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасын айыптап, оның жұмысына көңілі толмайтындықтарын жеткізді.

Қабдеш Жұмаділов, ҚР Халық жазушысы:

-Бұрын біз шыдап келгенмен,кейінгі кезде Оразалиннің кейбір қылықтары шектен шықты. Әдебиетті, талғамды аяққа басу, әдебиетті қорлау.

Қабдеш Жұмаділов, Бейбіт Қойшыбай, Сағынгерей Бәйменов, Мырзан Кенжебай сынды жазушылар: “16 жыл бойы еш өзгеріс жасамаған, қазақ әдебиетінің дәрежесін түсірумен жүрген Нұрлан Оразалиннің қызметтен кетуін талап етеміз” дейді.

Жазушылардың сөзінше, Оразалин әрбір съезд алдында өзіне дауыс берушілердің санын арттыру үшін түрлі әрекеттер жасап, дәрежесі жоғары “Алаш” сыйлығын 42 адамға негізсіз таратып жіберген.

Біз өзгеріс пен жаңашылдықты қалаймыз деген зиялы қауым өкілдері басшылыққа адал, қиянат пен алалаудан алыс, жазушылардың қамын ойлап, жағдай жасайтын адам керек деп отыр. Ал, мәселенің анық-қанығын білуге барған журналистерге Нұрлан Оразалин мырза жауап беруден бас тартты.

Дереккөз: 31 арна

Сурет: БАҚ.kz

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. “Алаш” халықаралық сыйлығын таратуда өрескел сорақылықтар көзге ұрып-ақ тұр. барлығын бұл сыйлыққа лайық емес дей алмаймын. Жазушысы бар, жазушы емесі бар осы 42 екі адамның отызының жілігі татымайтыны рас. Кейбіреулерге бір мақала жазғаны үшін сыйлық берілген. Сөйтіп аты айбарлы “Алаш”-тың құнын түсірді.

  2. Шынымен де Нұрлан қазақ жазушылары үшіне, қазақтың тәуелсіздіктен кейінгі құны түсіп, сорлы боп қалған әдебиеті үшін не істеді? Не бітірді? Өз руынан шыққан қалың халтуды жарылқап, майға бөгіп жатқаннан басқа…?

  3. Нұрлан одақты тіріліткен жоқ па? Нұрлан болмаса одақт ыталап, ғимараттарын әркім жекешелендіріп алар еді. Қазір одақтан әлде кім “Қаламгер” кафесін тартып алайын деп жатыр.

  4. барсын, орнына кім келер екен?! мен үшін сол ғана қызық,

  5. Бір адамды ғана кінәлаудың қажеті жоқ. Қазақ әдебиетінің дәрежесін барлық ақын – жазушылар бірлесіп көтеруі керек!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі