//

Шыңғысхан – Еуропа төрінде

1668 рет қаралды
6

Жуырда ресейлік Даши Намдаковтың жобасы бойынша қоладан құйылған аттылы Шыңғыс ханның бесметрлік мүсіні Лондон жұртына ұсынылды. Тасмүсін Гайд-парктың солтүстік-шығыс бөлігінен «қоныс тепті».

Шыңғыс қағанның ескерткіші буряттың суретшісі, ұста әрі зергері  Лондондағы «Хэлсион» галереясында қойылған ретроспектив туындыларының құрметіне арналған. «Көшпенділер әлемі» атты көрме 5 мамыр мен 7 шілде аралығында жұртшылыққа кереге жаймақ.

Моңғол  қағанатын құрған қаһарлы қағанның қола мүсіні ішкі қуатын сыртқа тебуімен аса ерекше.Шыңғыс қаған әскери жарақпен атқа қонған күйі аспаннан түскендей әсер береді. Қысыңқы көзі жерге қараған күйі, алақандарын төменнен тіреген ауаға жайған бейнесі көз тартады.

«Бұл жұмыс арқылы мен тарихи тұлғаны бейнелеуден гөрі, аспаннан түскен күйі адамдарға қайырым мен даналық сепкен тұлғаны көрсетуге тырыстым. Шыңғыс ханның тірі кезіндегі бейнесі қалған жоқ,оның үстіне деректі айғақтар бір біріне қайшы келеді, сондықтан мүсін-тұлғаны сынықтан жинап-тергендеймін. Шамасы маған эпикалық кейіпкерді сомдау бостандық берген сықылды.Өзім сондай мақсат қойдым, сол себепті де мүсін сондай аспандық, әуелік сипатқа ие болды», – дейді автор.

Намдаков бұл жобаны екі жылдан артық әзірлепті. Былтыр Бөкенгем сарайында болып, мүсінші Елизаветы II ханшаның жұбайымен әңгімелесіпті.Герцог Эдинбургский бурят суретшісінің өнериетіне (творчествосына) қызығып, ол туған Байкал өлкесінде болмағанына өкінген екен. Шамасы, Лондондағы мына қаған-мүсін сол кездесудің нәтижесі болса керек.

Ақпарат: Абай.kz

Суреттер: ostmetal.info

Парақшамызға жазылыңыз

6 Comments

  1. Қайран, Шыңғыс Хан кімге мазақ болмадың. Міне сені құбыжыққа айналдыратындар да табылыпты.

  2. Қанша дегенмен Шыңғыс Хан олар үшін ашылмаған жұмбақ күйінде ғой әлі. Ал, біз болсақ тулақ қылып талап, баба әруағын қорлап, өз тарихымыздан безіп отырмыз.

  3. Қазақты Шыңғыс хан Рухымен ояту керек. Қазаққа Шыңғыс хан рухы оралмай, Алаш, Алаш бола алмайды.

  4. керемет! Маған ескерткіш ұнады! Ерекше ізденіспен жасалғандай әсер қалдырды жарайсың мүсінші!

  5. ШЫҢҒЫСХАН ЖӘНЕ МҰҢАЛДАР ӘЛЕМ ТАРИХШЫЛАРЫ ЖАЗБАЛАРЫНДА
    – Белгілі ғалым Владимир Белинский бүкіл саналы ғұмырын Алтын Орда тарихын зерттеуге арнап, мынадай тұжырым жасаған. «Әлемді жаулаған әйгілі қолбасшы Шыңғыс хан моңғол болмаған, шын мәнінде, Шыңғысхан – қазақ». Ол өзінің бұл тұжырымын «Страна Моксель», «Москва Ордынская» атты тарихи кітаптарында келтірген.
    Оның айтуынша, Кеңестік тарихшылар қаншама бұрмалағанмен, Шыңғыс ханның қазақ екендігін дәлелдейтін фактілер жеткілікті. Шыңғыс ханның ұрпақтары, Алтын Орданың хандарының барлығы Моңғолстанда емес, қазақ жерінде отырғанының өзі-ақ осыны білдіреді, дей отыра Ұлы қолбасшының қазақ болғандығын көптеген нақты фактілермен дәлелдейді.
    «Моңғол империясының негізін қалаған наймандар, керейлер, қияттар мен меркіттер моңғол емес, түркі тайпаларына жатады. Олардың ұрпақтары қазіргі Қытай жерінде өмір сүріп жатыр, тілдері қазақша. Темуджиннің әкесі (қазақша Теміршін болып айтылады) Есүгей қияттардың ханы болған. Шешесі Оян меркіт руынан. Шыңғыс ханның әйелі – Бөрте қазақтың қоңырат руынан шыққан. Оның барлық ұлдары түркі есімдерімен аталды. Моңғолдарда ол кезде де, қазірде де ондай есімдер болған жоқ. «Хан» деген сөздің өзі моңғол емес, түркілердікі. Моңғолдар өздерінің басшыларын «қонтайшы» деп атаған. Шыңғыс ханды әдеттегі қазақтың құрылтайында хан көтерген. Ал моңғолдарда мұндай сөз жоқ. Тәңірге табынатын тек қазақтар ғана қайтыс болғандарды аз адам білетін, құпия жерге апарып жерлеген.
    Шыңғысхан Шығысқа жорыққа шыққанда түрік тайпалары оны бірден мойындады. Сондықтан ол Қазақстан жеріндегі көшпенділермен соғысқан жоқ.
    Наймандар және қазақтың басқа рулары Шыңғысхан империясына оның дүниеге келер тұсында қосылды. Оның Шығысқа жорығы Хорезм билігіндегі елдермен ғана болды.
    «Жақын арада Шыңғыс ханның қазақтан шыққаны ресми түрде мойындалады» деп мәлімдейді тарихшы Владимир Белинский.

    – Авар (Ресей) тарихшысы Мұрат Аджи де тура осындай пікірді ұстанады.

    – Орыстың белгілі ғалымы Л.Л.Викторова: «Сол кездің моңғолдары үшін ата-бабаларының өнегесі ұрпағының жадында жатталып қалуына ұмтылу, дәстүрге және туыстық қатынасқа ерекше құрметпен қарау тән болған. Өздерінің шыққан ата-тегін жаңылыссыз жатқа білетін білгір шежірешілер өз білімдерін балаларына ұқыптылықпен беріп отырған. Сол себепті де шежіре кітаптары бірінші дереккөздік мәнге ие».

    – «Жылнамалар жинағының» авторы «моңғолдың шыққан тегі – түрік» деп айқын көрсеткен.
    Түсініктеме: Еңбектің авторы Рашид ад-Дин Фаздуллах ибн Абул-Хаир Али Хамадани – Моңғол империясының дәуірлеп тұрған кезінің көз көрген куәгері, Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Ғазан хан мен Олжайту ханның уәзірі болған адам. Осы арада басын ашып айта кетер бір мәселе – бұл еңбектің авторлығы бір адамға телінгенімен, шын мәнінде, «Жылнамалар жинағы» (1300-1310 ж.ж.) – ұжымдық еңбектің жемісі. Заманында білікті билеушілердің бірі болған Ғазан хан ғұлама уәзірі Рашид ад-Динге арнайы тапсырма беріп, қасына мұңғұл халықтарының тарихын мейлінше терең білетін, даланың теңдессіз шежірешісі Болат бастаған алты моңғол шежірешісі мен сол кездің ең мықты деп есептелінетін бірнеше білікті тарихшысын (Абдуллах Қашани, Ахмед Бухари және т.б.) қосып, осы еңбекті жазғызған. Сондықтан да бұл еңбекті өз заманының білімді де білікті мамандары бірігіп шығарған энциклопедиялық жинақ деу артық айтқандық болмайды.
    Міне, осы энциклопедиялық еңбекте моңғол халықтарының шығу тегіне қатысты: «Барлық моңғолдар, түрік тайпалары және барлық дала тұрғындары Абулджа ханның тұқымынан тарайды», – деп, ақ қағазға қара сиямен ап-анық етіп жазылған. Автордың мұндағы «Абулджа-хан» деп отырғаны бүкіл түрік халықтарының түп атасы деп есептелінетін Нұх пайғамбардың баласы Йафет (Йафес).
    Арнайы тапсырмамен моңғолдар тарихын жазуға арналған шығарманың бірінші томының бірінші кітабының моңғол халықтарының пайда болуы мен олардың түрлі тайпаларға бөлінуіне арналмай, «Түрік халықтарының пайда болуы және олардың түрлі тайпаларға бөлінуінің жағдайы туралы» деп аталып, тек түрік халықтарына арналуы – сол түп бастаудың бірлігін, яғни мұңғұлдардың шыққан тегінің түрік және оның тарихи шындық екенін мойындаудан жасалып отырған іс екенін пайымдау онша қиындық туғызбайды. Егер сол кезде мұндай мойындау болмаса, Бірінші кітап түрік халықтарына арналмас еді…

    – Орыс генералы Иванин, монғолдарды – жартылай жабайы бақташылар деп бағалады. Оның пікірінше бақташы монғолдар, 1211-1216 жылдар аралығында Цзинь имепериясын жаулап алғаннан кейін олардан соғысу тактикасы мен стратегиясын үйреніп, бұл ғылымды жетік меңгергені сонша жарты әлемді бағындырып, өздерінің ұстаздарынан да асып түскен. (О военном искустве при Чингисхане и Тамерлане. Алматы. Санат. 1998. 28-29 бетт). Осындай пікір білдіргенде Иванин, 100 мың ғана әскері бар, әскери ғылымды меңгермеген монғолдардың өздерінен 3 есе көп, соғыс өнерін жете меңгерген қытайларды қалайша жеңуі мүмкін екендігін ой елегінен өткізбеген. Логика бойынша соғысудың тактикасы мен стратегиясын білмейтін бақташы монғолдар, өздерінен 3 есе көп, әскери ғылымы мен техникасы дамыған, соғыс өнерін жете меңгерген қытай әскерін жеңуі, мүмкін емес. Олай болса, Иваниннің монғолдарды – жартылай жабайы бақташылар ретінде бағалайтыны және олар, соғысуды қытайлардан үйренген дейтін пікірі түп – тамырымен қате.
    Себебі европалықтар, Шыңғысхан басқарған монғолдардың Орта Азиядағы Хорезм мемлекетіне жасаған шабуылын, жабайы көшпелі тайпалардың өркениетті елге жасаған шапқыншылығы, деп қабылдады. Олар, монғолдарды дамымай арта қалған жабайылар, деп түсініп, олардың Қайырхан мен хорезмшах Мұхаммедті жазалау үшін Хорезм еліне жасаған жорығын, жабайы жыртқыш аңның адамға тарпа бас салатын шабуылына теңеді. Хорезм әскерінің Шыңғысхан әскерінен жеңілуін, хорезмшах Мұхаммедтің соғыс тактикасында жіберген қателігінен болған кездейсоқ жеңіліс, деп бағалады. Ал, Шыңғысханды – әлемді жаулап алуды мақсат тұтқан баққұмар, қанышер, жауыз, өзімшіл озбыр билеуші бейнесінде берді. Европа, араб және орыс тарихнамаларында білдірілген осындай пікірлер мен тұжырымдардың, теңеулер мен бағалаулардың Шыңғысхан мен монғолдар туралы шындыққа қаншалықты жанасатындығын тарихи-этнологиялық, археологиялық фактілер мен адамзат қоғамы өрістей дамуының тарихы негізінде қарастырып көрейік.
    Шыңғысхан басқаруындағы монғолдар, 1211 жылы Цзинь империясының Уша қаласына шабуыл жасап, төрт жылдың ішінде Қытайдың солтүстігін, Орта Қытай жазығындағы астанасы Пекинді, 1215 жылы басып алған кезде монғол әскерінің саны 100 мың ғана, ал Қытай әскері, олардан 3 есе көп болған. Монғолдар, 1219 жылы Хорезм мемлекетіне қарсы соғыс ашқан кезде олардың әскерінің саны 150 мың, ал хорезмшах әскері, олардан 3 есеге жуық көп болған. Осыған қарамастан Шыңғысхан әскері, Цзинь империясының астанасын алып, толық болмаса да жартылай бағындырды, ал Хорезм мемлекетінің әскерін күйрете жеңіп, оны да толық бағындырды. Ресейдің XIX ғасырдағы әскери тарихшысы, генерал М.И.Иванин, монғолдардың соғыс жүргізу тактикасын арнайы зерттеп «О военном искустве при Чингисхане и Тамерлане» дейтін зерттеу жазған (Алматы. Санат. 1998). Егерде монғолдардың соғысу тактикасына арналып зерттеу жазылған болса, онда монғолдарда әскери ғылым жақсы дамыған. Егерде монғолдарда әскери ғылым жақсы дамыған болса, онда олар, дамымай арта қалған жабайы халық болмаған. Қандай да бір ғылыммен айналысып оны дамыту, адам интеллектісінің бір деңгейде тоқырап қалмай даму үстінде болғандығын дәлелдейтін физиологиялық факті.
    Қытай, монғол және басқа да тарихтардың деректеріне сүйене қытай киноматографистері 2007 жылы шығарған «Шыңғысхан» атты тарихи фильм дерегі бойынша Шыңғысхан, батысқа жорық жасап бүкіл әлемді жаулап алуды ойламаған, тек өз қоластындағы елшілікке жіберілген 500-дей адамды жазықсыз өлтіргені үшін Отырардың билеушісі Қайыр хан мен хорезмшах Мұхаммедті жазалауды ғана мақсат еткен. Тарихи драмадағы Шыңғысханның батысқа жорық жасауына себепші болған мотив туралы дерек пен Рашид-ад-дин және Әбілғазының тарихи шығармаларындағы Шыңғысханның Хорезм еліне шабуыл жасауына себепші болған мотив туралы дерек, бір-біріне сәйкес келеді. Қытай киноматографистерінің тарихи драмасында да, аталмыш мұсылман тарихшыларының шығармаларында да Шыңғысханның Хорезм мемлекетіне қарсы соғыс ашуына кінәлілер ретінде иналшық Қайыр хан мен хорезмшах Мұхаммед аталады. Осымен қатар тарихи драмада, Шыңғысхан мен оның ұрпақтарының Хорезмнен бөтен батыстағы көптеген елдерді жаулап алуына себепші болған бір-ақ адам – Отырар билеушісі Қайырхан екендігі атап көрсетілген.
    Тарихи драма мен аталмыш мұсылман тарихшылары шығармаларының деректері бойынша Шыңғысхан, себепсізден-себепсіз баққұмарлық, атаққұмарлық пендешілікпен бірде-бір тайпаға немесе елге өздігінен шапқыншылық жасамаған, яғни жаулап алу соғыстарын жүргізбеген. Ол, 9 жасында әкесіз жетім қалып, әділетсіздік пен кедейшілікті, қиыншылық пен қорлықты, зорлық пен зомбылықты көп көріп, досқа адал, дұшпанға мейрімсіз болып өсті. Досқа деген адалдығы сондай, өзіне бірнеше рет опасыздық жасап өлтірмекші болған досы Жамуханы өлімге қимай, оған Монғол мемлекетіндегі менен кейінгі екінші басшы бол, дейтін ұсыныс жасаған. Оның бұл ұсынысын қабылдамаған Жамуха, Шыңғысханнан өзін «қан шығармай» өлтіртуін сұрайды». (С.А.Козин. Құпия шежіре. М-Л. 1941. §200,201).

    – «Белгілі тарихшы Г.Н.Вернадский 1913 жылы Санкт-Петербург университетінде оқыған лекциясында Моңғол империясының 1331 жылғы картасында орыс жері де «Алаш» құрамына кіретіндігін, оның империяның Қиыр Солтүстік батыстағы ажырамас бөлігі екендігін атап айтады. Бұл дерек бізге «Алаш этнонимінің түп-төркініне бүгінгіден мүлдем басқа таным тұғырынан, мағына мұнарасынан қааруды талап етеді» (Т.Жұртбай. Түркістан газеті. №23 (653). 18.01.2007). Алаш пен Қазақ синоним емес пе? Моңғолдың тегінің казақ екендігіне бұдан артық қандай дәлел керек.

    – Орыс тарихшысы Александр Бушков «Шыңғыс хан және беймәлім Азия» кітабында: Моңғолдардың жартысынан көбі қазіргі кезеңде киіз үйді мекен етеді, ал тұрғындардың білім деңгейі өте төмен дәрежеде. Яғни, Шыңғыс ханның тегі түркі болғандығына сүйенейік… Шыңғыс ханның моңғол болуы еш мүмкін емес. Осы жерде түркілер жайында мәселе қозғалып отыр. Өте ірі көлемде дүниені жаулап алу үшін тек қана үлкен орда ғана емес, сонымен бірге бес қаруы сай, дайындығы мол әскер керек. Моңғолдар ұлттық салт-дәстүр мен мемлекеттіліктен жұрдай болғандықтан, олар аз уақыт ішінде әскер құрып үлгере алмас еді, осылайша бізде Азияда ХІІІ ғасырда мемлекеттілікті құру, кәсіби әскерді жасақтау, басқарушылық жүйені ұйымдастырудың тәжірибесіне кім ие болған деген ең қарапайым мәселенің шешімін тапқандаймыз… Бұл сұрақтың жауабын іздеп жатудың қажеті шамалы. Сұрақтың жауабы анық. Олар, әрине, сан ғасырлық қағанат пен мемлекет кұру тәжірибесі бар түркі тайпалары екені сөзсіз. Демографиялық есеппен XXI ғасырды ХІІІ ғасырмен салыстыратын болсақ, онда сол кездегі моңғолдардың саны 50-60 мың адамды ғана құрайтын. Ал Шыңғыс ханның әскері 300 мың адамға дейін жететін. Моңғолдарға ақиқатты ажыратып алудың уақыты келгендей, сондықтан да олар өзге халықтың тарихына таласпаулары тиіс.
    Одан әрі Александр Бушков былай деп жазады: “Моңғол жазуы ХVІІ ғасырда қалыптасты. Сондықтан да қазіргі кезеңде Шыңғыс ханға жақын болып келетін ешқандай жылнама деректер жоқтың қасы”.

    – 1950 жылдардағы Қытай қазақтары көтірілісшілерінің басшысы Оспан батыр жайлы ағылшын жазушысы Гофедей Лияс «Оспан батыр егер бұдан 5-6 ғасыр бұрын дүниеге келгенде аталары Мөңке, Шыңғыс, Темірлан деңгейлес ұлы қолбасшы болар еді» – деп жазыпты. («Намыс». №1 (60). қаңтар 2010 жыл). Ағылшындар Шыңғыс ханның тегінің қазақ екенін білмесе, Г.Лияс бұлай деп жазбаған болар еді.

    – ХІХ ғасырда жасаған орыс оқымыстысы Н.Аристов «…кейбірінің түп негізі мың, мың жарым жылға кететін, ежелгі тарихтан танымал белгілі тайпа, рулардың күні бүгінге дейін сол атаумен сақталып келгеніне таң қаламын. Яғни, қазіргі белгілі ру, тайпалардың көпшілігі ежелгі этнонимдерді кейінгі заманға жеткізуші ғана емес, сол ескілікті жұрттардың нақпа-нақ өзі болмаса да, түрленген, түлеп, жаңғырған анық мұрагері. “Арғы тарихта таңбаланған аталы рулардың барлығы дерлік бүгінгі қазақ арасынан табылады”.

    – 1984 жылдың тамызында Британия галымы Нортон Джефферсон Шынғысхан жайында мақала жазып, Шыңғысханды қазақ деп жариялаған.

    – Биылғы 2015 жылдың 1 қаңтарында «Жаңалықтарда» Британ газеті Шыңғыс ханды ҚАЗАҚ деп
    жазып жатыр деген айдармен мақала жарияланған.
    «Ағылшындардың “The Guardian” газеті “Постсәветтік әлем: Мұндағы 15 мемлекет туралы сізге ең алдымен нені білу керек” деп аталатын мақаласында Қазақстанға арнайы тоқталып өтіп, әлемге әйгілі тұлға Шыңғыс ханды ең танымал қазақ (император) деп жазыпты. Ал Боратты ойдан шығарыған кейіпкер деп атап өткен екен» … (http://www.theguardian.com/world/2014/jun/09/-sp-profiles-post-soviet-states).

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі