//

Тоқтар Әубәкіров: “Азат” ЖСДП қатарынан шықтым

1498 рет қаралды
10

Өз мәлімдемесінде Тоқтар Әубәкіров “қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер” атанғаны үшін президент Назарбаевқа “қарыздар” екенін айтты. Назарбаевты өзін “ғарышқа ұшыру үшін Кеңес Одағы басшылығының алдында табандылық танытты” деген саясаткер:

– Президентіміздің арқасында халықтың құрметіне бөлендім, – деді.

Ол “Азат” жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының қатарынан шықтым” дей отырып, бұл партияға неліктен өткеніне де  тоқталды. Айтуынша, оған “мәселелері шешілмеуіне наразылық танытқан адамдардың шағымы” себеп болған.

ЖСДП стратегиясын сынай отырып, Тоқтар Әубәкіров өзін үлгі етіп осы партияға өткен адамдардан кешірім сұрады.

Ол мәлімдемесінде президент және парламент сайлауларының нәтижесіне оң баға берді.

Тоқтар Әубәкіров ел халқы мен саяси күштерді президент Назарбаевтың айналасына бірігуге шақырды.

– Мен бұл іске тікелей атсалысып, тұңғыш президенттің командасында болғым келеді! – деді ол.
Бұрынғы депутат Тоқтар Әубәкіров соңғы парламент сайлауына ЖСДП кандидаттарының бірі ретінде ұсынылған болатын. 2009 жылы ЖСДП қатарына қабылданған ол қазақтан шыққан тұңғыш және СССР-дің соңғы ғарышкері ретінде аталады. Әубәкіров 1991 жылы қазанның 2-сінде ғарышқа көтерілді.

“Азаттық” радиосы

Бұл жазбаны форумда талқылау

Парақшамызға жазылыңыз

10 Comments

  1. Бұл қалай болғаны, Тоқтар аға? Біз сізді батыр санап жүрдік қой.

  2. Сіздің бұл қылығыңыз үшін билік қандай сый ұсынып отыр, Тоқтар аға!

  3. Көп мәселенің ішкі қыртысын білі бермейміз. Сондықтан әліптің артын баққан дұрыс. Тоқтар дұрыс жасап отыр. Кейін анық болады, дұрыс болғаны.

  4. Тоқтардың мәлімдемесін бүгін қазақ тілінде тағы беріп жатыр. Осы үкімет Тоқаңнан қатты қорыққанау тегі. Бұнда бір үлкен гәп бар. Білгендерің бар ма?

  5. Kazaktar birigeik bir birimizdi kyndemei. Sirtki kuwterdin wokparina ainalmaik.bizdi jan jaktan ajdaxalar jutkisi kep tyr sondiktan Toktar agalarimizdin balaginan tarttpaik

  6. Тоқтар ағаны биліктің ығына жығылды дегенге сенбеймін!

  7. Тым болмаса үндемей кетпедің бе, Тоқтар аға. Осы жасқа келгенде секеңдеп, бір былай, бір былай жүргенің ұят емес пе? Құрмет тұтатын едім, әттеген-ай.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі