///

Әділдік кешікпей жетуі керек

912 рет қаралды

Еліміздегі кейбір тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, Ақтаудағы өтіп жатқан соттар аяқталуға аз қалды. Бүгінде Ақтау қаласында Жаңаөзен, Шетпе, оқ атқан полицейлер және Жаңаөзендегі уақытша қамау абақтысының бұрынғы бастығына қатысты 4 бірдей сот қатар өтуде. Осы уақытқа дейін іс барысында бірнеше заңға қайшы дүниелердің болғанын, тіпті, сотты жедел түрде тоқтату керектігін айтқан тәуелсіз комиссия мүшелері соттың соңғы шешімі де әділетсіз болады деп отыр. Дегенмен, айыпталушылардың жақындары мен туған-туыстары «бәрін бірдей соттап жібермес», «мүмкін сот әділдік танытып қалар» деп, әлі де болса үміттерін үзбеуде. Бірақ, сот ісі басталғалы бері оның барысын қадағалап, оқып-жазып жүрген ел ағаларының пікірі әлдеқайда басқаша. Бұл жайында Ғаббас Қабышұлы мен Софы Сматай ағаларымыздың пікірін білген едік.

  1. Ақтаудағы сот соңына таяп қалды дейді сарапшылар. «37-нің», «Шетпе ісінің» сотына қатысты судьяның шешімі қандай болуы мүмкін. Қазіргі соттан не күтесіз?

  2. Сотталушылардың жақындары, туған-туыс, ағайын-бауырлары әлі де болса үміт пен үрейдің ортасында отыр. Ұлтқа жаны ашитын ақсақал ретінде сол кісілерге не айтасыз?

    Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ:

   1. Мен осы туралы бұдан бұрын да жазып едім. Соттың қалай болып жатқанын, бұдан ары қалай өрбитінін халық көріп отыр ғой. Мен бұл соттан әділдік күтпеймін. Қазір тұрмыстық жағдайға байланысты қолым босамай, соттың барысын күнделікті қадағалап отыруға мүмкіндік болмай жүр.

  2. Соттағы болып жатқан оқиғаларды сотталушылардың туыстары жақсы біледі. Ол кісілерге айтатыным, сабыр керек кой. Қайтеміз енді, көнуге тура келеді. Әділдіктің жолында ары қарай іздену керек. Халық болып бірігіп ізденген дұрыс болар.

Софы СМАТАЙ:

1. Бұл сотта адалдық, әділдік деген болмайды. Жазықсыз жандарды соттап жібереді. Қазір халық та соттан еш үміт күтіп отырған жоқ. Билік ойына келгенін істеп отырған заман ғой. Өздері атады, өздері соларды соттайды. Тағы келіп «оларды тура жолға салу үшін аттық» дейді. Билік жазықсыздарды жазықты қылып, бұрынғы жолымен жүріп келеді.

  2. Өмірде ақ пен қара, зұлымдық пен мейірім қатар жүреді ғой. Халыққа айтарым, түбінде әділдік болады, зұлымдық қашанғы жеңе берер дейсіз. Бірақ, әділдік уақытында, кешікпей жету керек елге. Халқым, берік болыңыздар, үміт үзбеңіздер. Арман алға жетелейді, үміт ілгері бастайды. Менің қолымнан осыны айтудан басқа не келеді? Менде билік жоқ. Кеңес заманында ең бай 10 адамның бірі мен едім. Қазір ең кедей жан болып отырмын. Мен алаңға шығып сөйлегенім, шындықты жазғаным үшін балаларымды жұмыстан шығарып жіберді. Қазір үш балам да жұмыссыз отыр. Менің берерім жоқ. Тек жүрегімнің қанымен шындықты жазып жүрмін. Халқым, мен сенімен біргемін! Өлім артынан өлмек жоқ. Сендер жалғыз емессіңдер, менің жаным, қаным сендермен бірге! 

Дереккөз: janaozen.net

Сурет: “Азаттық”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі