///

Президент «Арқанкерген» шекаралық бекетіндегі оқиға бойынша мәлімдеме жасады

1093 рет қаралды
8

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Арқанкерген» шекаралық бекетіндегі оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары басшыларымен кеңес өткізді.

ҚР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңесте Мемлекет басшысы мынадай мәлімдеме жасады:

– Еліміздің шығыс аймағында Алматы облысындағы «Арқанкерген» шекаралық бекетінде қайғылы оқиға болды, оның салдарынан 15 адам – 14 шекарашы және бір қорықшы қаза тапты.

Мен мұны лаңкестік акт деп санаймын.  Бұл сірә, ішкі жанжалдардың нәтижесінде болған болуы тиіс. Алайда бұл туралы айту әлі ерте. Сарбаздардың казармасы мен офицерлер үйі өртелген. Қаза болғандардың мәйіті үйінділерді аршу кезінде табылды. Бұл оқиға бейбіт кезде болып отыр, сондықтан да егжей-тегжейлі тексеруді талап етеді.

Қазіргі кезде менің тапсырмам бойынша арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын анықтауда, барлық фактілер зерттелуде. Бас әскери прокуратура қылмыстық іс қозғады. Орталық және жергілікті құқық қорғау органдары істің мән-жайын анықтап, қылмысқа күдіктілерді ұстау үшін барлық күш-жігерін  жұмсауда. Тексеру жұмыстарына ІІМ, ҰҚК және Бас прокуратураның тәжірибелі қызметкерлері тартылды. Қазір бұл комиссия оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Мен жағдайды мұқият тексеріп, себебін анықтауға нұсқау бердім. Бұдан кейін тиісті шаралар қолға алынатын болады. Үкіметке қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетудің және оларға қолдау жасаудың барлық мәселелерін бақылауға алуды тапсырамын.

Мен қаза болған жас жігіттердің барлық туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Парақшамызға жазылыңыз

8 Comments

  1. Бұл сұмдық. Қазақ трагедиясы. Қарусыз халыққа атқан оқты қарсы келген жауға ата алмаған ол қандай әскер. Олар ел шекарасын қалай қорғайды. сонда біздің қару ұстағандарымыз қарусыз, қызыл қол қатын-балаға ғана мықты болғаны ма. Қашқан елді атуға ғана жарағаны ма? Бұл нені көрсетеді? Ел сенген әскердің түрі мынау болса, түңілмеске шара жоқ. Әскері де басшысы да бассыз-баусыз кеткен ел. Ешқандай жауапкершілік, сұраныс жоқ. Айдалаға он бес адамды апарып тастаған. не олармен ғылым мен техника дамыған байланыс жоқ. Шын мәнінде оларда байланыстың неше түрі болу керек. бейне бақылау қайда? қазір сол пһқиын ба сонша? жауапты офицер, генерал сымақтардың бәрін босату керек.

  2. Қай шекараны алсақ та, біз жеңіліп жатамыз. Қазақ билігі өзінің халқын, елін жұртын, шекарашыларын қорғауда да дәрменсіз.

  3. «Экспресс К» газетінің жазуынша «Сары Бөктер» заставасының тез әрекет жасайтын шекаралық бекетіне 15 шекарашы, 1 офицер жіберілген. 28 мамыр күні пост командирі капитан Алтынбек Киреев байланысқа шығу керек болған. Бірақ ол белгіленген уақытта заставамен хабарласпаған. Бұ инцидентті тексеруге тауға 30 мамыр күні шұғыл топ жөнелтілген. Олар келгенде посты баяғыда өртеніп кеткен және ол жерден 12 шекарашының мәйіті табылған”. Енді бізден сұрақ, сонда застава басшылары мен жауаптылар 2 күн бойы ай қарап, жұлдыз санап, шошқа тағалап жатқан ба?

  4. шекарадан қыбырлаған құмырсқа өтс көреміз дейтіні қайда? 15 әскерді оп-оңай із-тозсыз жалмай сапты. Сонда біз елді-жерді кімге тапсырғамыз! !лгі “Жау жүрек мың бала қайда?.” Осын сөйттік, мұны бүйттік деп бөскенде сондайсыңдар, ал істеп отырған істерің, баққан малдарыңның түрі мынау, ей, үкімет, саған айтам!

  5. Қазақ қазақ болып еңсемізді көтердік ау – дегенде балақтантартып көрермаушылық қазақтың қанына сіңген қасиет емес пе? Арқанкескенде болған шегарашылар өмірі қыршындай кеткені жанымды жегідей жеп барады, бұл болған жайтқа кінәлі көрші жатқан Қытай халқы емес, ол өзіміз қазақ халқы ішке іріткі тастап жүрген мына қазақ, жастардың өмірін қиып өлтіріп өз тірлігін жасап жүрген билік басындағылардың қолшабарлары есірткі тасмалдап келіспеушіліктен болған жағдай емес пе?

  6. бул жағдай әскердегі тәртіптің әлі де болса әлсіздігін,яғни “дедовшинаның” толық жойылмағанын көрсетеді.менің де жалғыз ұлым әскер қатарында ,осы оқиғадан соң күндіз күлкіден,түнде ұйқыдан айырылдым.Жақында ғана әскерден оралған балалардың барлығы дедовшинаның толық жойылмағанын растап отыр,бұдан соң қай ата-ана баласын жібергісі келер екен…

  7. біз қазақтар айтса көңілімізге келеді, осының өзін өз дәрежесінде сезініп отырған жоқ-ау жоғарыдағылар, бәріне кінәлі 1 орыс солдат деген ақылға қонбайтын нәрсе, соңғы кезде шешімі табылмайтын қара халықтың ойын бұлқан-талқан ететін оқиғалар көбейіп кетті, көзімізді ашайық, ойымызды жинайық АҒАЙЫНДАР

  8. Не болсада бұл миға қонымсыз жағдай, Өлсе 1 сарбаз өлер, 2 еу өлер бірақ 15 сарбаз түгел өліп қырылып қалды деген бір сұмдық жағдай. Армияда жүрген кезде 15 сарбаздың барлығы бір уақытта ұйықтап, бір козарманың ішнде жүрмейді. Оларды не болсада өз сандарынан көп адам келіп қиратқан. Шынымен 28 нен бастап жоғалған телефон байланысына 30на дейін бармай жайбырақат жүрген қандай офицер? қандай бастықтар? неде болса мұнда бір үлкен ашылмай жатқан сыр бар, оны жоғарғы жақтағылар шындығын ашып кінәліні тапса дейміз.Жазасыз Челахқа жаба бермей. Ал Челах өлгенде кімнен көрер екен осы тергеушілер. Барлық жағдайды шынымен зерттеп жатса тура шындықты зерттеп ашып береміз десе сол сарбаздардың ата-анасымен бірге зерттеу жүргізіп халыққа әрбір жаңалықты ашып айтсын.Біз тек әділдікті күтеміз.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі