//

Қазақ контентін дамыту жолдары

1622 рет қаралды
6

Бүгін, яғни мамырдың 31-інде шығыстың шырайлы мекені Өскеменде “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалының баспасөз клубында  ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы мен Сорос Қазақстан қорының қолдауымен “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Блог және бұқаралық ақпарат: азаматтық қоғамның дамуының кепілі” атты дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелге ЕҚЫҰ өкілі Айдар Ботағаров, “Әділ сөз” халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымының Тәуелсіз сараптама бөлімінің жетекшісі Ғалия Әженова, Өскемен қаласы “Парасатты жастар лигасы” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Данияр Тоқтарбаев, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың аға оқытушысы Әсел Берікболова, Шығыс Қазақстан облыстық тілдер басқармасының бас маманы,  ШҚО «Зияткерлік клуб» жобасының авторы Серік   Жүнісов, «Бастау-Зайсан» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Арайлым     Есімбекова, Шығыс Қазақстан облыстық “Нұр Отан” партиясының жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Сымбат Рамазанов, Павлодар облыстық “Аймақ айнасы” ақпарат агенттігінің бас редакторы  Бақытбек Хамитұлы, “Сарыарқа самалы” газетінің сайт редакторы Мұрат Аяғанов,     ШҚО Үржар ауданы әкімшілігі  Арнұр Айтымов, т.б. жиырмадан астам адам қатысты.

Дөңгелек үстелдегі негізгі мәселе бүгінгі интернеттегі қазақ контентінің жай-күйі және оның Шығыс аймақтағы өрісі жайында өрбіді. Сондай-ақ, бүгінгі қазақ интернетінің басты проблемалары және ақпараттың қайнар көзі, әлеуметтік желілердің қазақ интернеті мен тілін дамытудағы рөлі, қазақ тілінде “Мой мир”, Фейсбук, Туйттердің орнын басатын немесе соның рөлін атқара алатын қазақстандық арнайы порталдың болмауы, интернеттегі ашық энциклопедия қазақша уикипедияның бүгінгі тыныс тіршілігі әңгіме арқауына айналды.

Дөңгелек үстел қонақтары жалпы бұндай ірі жобаларды биліктің өзінің қолдағаны жөн деген ой айтты. Мәселен, қазақстандық ірі портал немесе әлеуметтік желі ретінде www.nur.kz-ті мысалға алуға болар еді. Бірақ, оның орыс тілінде жүргізілуі оны Мой мирден ешқандай ерекшелендірмейді. Сол себепті де оны қазақ интернетінің бір бөлшегінде қарастыру қиын. Сол секілді қазақтілді блог платформаның болмауы  да қазақ интернетінің дамуына кері ықпалын тигізіп отырғандығы сөз болды. Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар шығыс аймақтардағы қазақтілді блогшылар мектебін құруды жөн деп тауып, оның негізгі үйлестірушісі ретінде Сымбат Рамазановты таңдады.

Парақшамызға жазылыңыз

6 Comments

  1. “Мінбердің” ұйымдастырып жатқан семинары көңілден шығып жатыр. Есенгүл мен Ғалия апайларымыз интернетке қатысты біраз мәселелер бойынша “көзімізді” ашты. Жас тренер Талғаттың жаңа интернет-медиа бойынша айтары көп екен. Мұндай семинарға ай сайын қатысып тұру мүмкіндігі туындаса, тамаша болар еді.

  2. жас журналистердің шығармашылығына жаңа мүмкіндіктер беріп жатқан семинар жиы өтіп тұрса екен дейміз.
    Өскемен қаласында қызыу шығармашылық жұмыс жүріп жатыр. барлықтарыңаызға сәттілік!

  3. “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының Өскемен қаласындағы семинар-тренингі өте жақсы жүріп жатыр. Есенгүл, Қарлыға, Ғалия апайларымыздың дәрістерінің маңыздылығы жоғары. Талғат тренердіің интернетпен жұмыс жасауды үйретуі де ерекше ұнады. Бұл семинар арқылы көп мағлұматтар алып, өзім үшін жаңалық ашып жатырмын. Ұйымдастырушыларға көп рахмет!!!

  4. семинар өте қызықты өтіп жатыр. білмегенімізді білуге мүмкіндік алып жатырмыз.

  5. Семинарға қатысушыларға сәттілік тілеймін. Есенгүл апайға, Ғалия апайға, Талғатқа жалынды сәлем! Фархат Павлодардан.

Жанаргул жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар