//

Тренингтен кейінгі ой

963 рет қаралды
6

Кеше, яғни шілденің 14-інде Атыраудағы “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының қазақтілді БАҚ тәжірибесінде жаңа медиа технологияларын енгізу” атты семинар-тренинг аяқталды. Семинарға Ақтөбе мен Атырау облыстарынан 14 журналист қатысты. “Қазжур” блогплатформасынан тағы 12 блогтың тұсауы кесілді.
Ең бастысы, жаңа медиа технологияларының жаңа мүмкіндіктерін тренингге қатысушыларға таныстырылды. “Скайпкаст”, “Дропбокс”, интернетте сауалнама жасау, өз ресурсыңды әлеуметтік желілер арқылы танымал ету секілді интернеттегі тегін мүмкіндіктерді пайдалану жөнінде қатысушылар ойдағыдай мәліметтер алды.

Cеминарға қатысқан әрбір қатысушының көңіл-күйі өте жоғары деңгейде болды. Өйткені олар өздеріне бейтаныс, жаңа әлеммен танысып жатқандығын жасыра алмады.

Жалпы қазақ қауымы кез-келген көштің соңында жүреді. Соның ішінде интернетті игеру жағынан да кейін қалып келе жатқанымыз анық. Ең әуелі қазақ қоғамын интернеттендіру проблемасы алға шығады. Өйткені, бізде интернет бағасы әлі де қымбат. Екіншіден алыс ауылдарға сол қымбат интернеттің өзі әлі жеткен жоқ. Ал қазақ халқының тең жарымынан астамы әлі ауылды жерде тұратынын ескерсек, Қазақстанның тең жарымы интернет деген құдіреттің не екенін әлі сезініп үлгерген жоқ. Үшіншіден, қазақ қоғамында “Mail.ru” синдромы басым. Қазақстанда ең танымал және ең көп пайдаланылатын әлеуметтік желі “Мой мир” екен. Өкініштісі сол, ол қазақ әріптерін танымайды. Соның салдарынан біздің жастарымыз жаппай сауатсыздыққа бет алды. Қарап отырсаңыз, Facebook пен Twitter-де қазақ әріптерін танитындығына қарамастан, көптеген оқырмандарымыз қазақ әріптерінің орнына орыс алфавитін қолданады. Соның салдарынан қазақ тілінде қалдырған хабарламалары шала жансар болып шығады.

Семинар-тренинг барысында өткізілген дөңгелек үстелде қозғалған ойдың бірі – ІТ сауаттылық. Мектептерді былай қойғанда, жоғары оқу орындарында студенттерді жаңа медиаға бейімдейтін, оқытатын сауатты маманның жоқтығы. Көптеген жоғары оқу орындарының Журналистика факультетінде интернет журналистика оқытылғанымен, ол “Қазақстанда қанша интернет сайт бар, олардың ақпараттық саясаты қандай?” деген жалпы мәселелер төңірегінен аспайды. Ал “жаңа медиа мүмкіндіктерін қалай пайдалануға болады дегенге?” жауап аз. Сол себепті де, білім беру саласында осы интернет сауаттылықты арттыруға көп көңіл бөлу қажет.

Қазір ақпарат ғасыры, технология ғасыры. Кеше дүние есігін ашқан бала, бүгін интернетпен қаруланады. Сол себепті де біздің міндет сол балаларға қазақ тілінде сауатты түрде контент, мәтін, сапалы ақпарат ұсына білу. Өкінішке қарай біз осы тұрғыдан да көштің соңында келеміз. Тіпті бар жоғы екі миллион халқы бар Моңғолия мен төрт миллион халқы бар Қырғызстаннан да кейінгі орынға ысырылып отырмыз.

Қазнет дегенде біз нені елестетеміз. Қазақ тіліндегі ақпараттарды ма, жоқ Қазақстанда тіркелген орыстілді сайттарды ма? Осы тұрғыдан сарапшылар арасында дау әлі басылмай келеді. Сарапшылардың бір тобы: Қазнет қазақ тілінде жасалған барлық контенттер, мейлі ол Моңғолияда, Қытайда, Еуропада, Америкада жасалсын, қазақ тіліндегі интернеттің көкжиегін кеңейтуге жұмыс істеп жатқандықтан, ол -қазнет болып есептеледі дейді. Екінші тобы: Қазақстанда жасалған орыс, ағылшын, қазақ тіліндегі контенттердің барлығы -қазнет болып есептелінеді дейді. Біз алғашқы топқа қосыламыз. Алайда, қазақ тіліндегі мәліметтер мен ақпараттаррдың аздығына қынжыламыз. Сол себепті де қазақ интернетінің дамуына ат салысу сияқты адал мұратымызды жалғастыра бермекпіз.

Қазір назарларыңызға тренинг барысынан дайындалған слайд-шоуды ұсынбақпыз.

Парақшамызға жазылыңыз

6 Comments

  1. осы мінберліктер шама-шарқынша адал қызмет етіп жүр-ау. Ал оларды кейбіреулер күндейтін де көрінеді. Алған бетіңнен қайтпа, Мінбер!

  2. Есенгүл апай, еңбектеріңіз жансын! Сіздердікі адал қызмет ету! Алайда, осы семинар-тренингтер барысында ашылған блогтардың белсенділігі төмен болып барады. Мәселен, Шымкентте өткен семинарда ашылған блогтардың жартысынан көбі жұмыс істемей тұр. Себебін сұрасақ, логин, пароль ұмытылған не мүлдем ашып көрмегендер. Айтарым, тренингте ашылған қазақ тілді блогтар белсенді түрде әрекет етсе деп ойлаймыз. Сондықтан, қазақша контенттің дамуына мұның да айтарлықтай үлесі барын ескерейік, достар!

    • Парол, логин ұмытып жүргендер аз емес, тіпті семинардың екінші күнінде логиндерін ұмытып кететіндер де бар.

      Блогтарды ашуда қиындықтар болып жатса, менімен скайпта хабарласыңыздар.

      Логинімді Есенгүл апайдан сұрарсыздар.

    • Салем, Раушан! Рас айтасың бізде кейде қатысушылар тым салғырттық танытып, тіпті gmail, Facebook-тегі парольдарын ұмытып қалып жатады. Менің ойымша, жаңа медиаға шын ынты-шынтысымен ниет қойғандар біздің үйреткенімізді ары қарай алып жүре алады және бір нәтиже шығарады. Ал салғырттық танытқандардан қорқам. Талғат Сіздерге ұмытып қалған парольдарыңызды қайта есіне түсірулеріңізге көмектеседі.

  3. “Парольді ұмытқан жағдайда” деген видеосабақ жасаймын жақында.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар