///

«Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа»…

1644 рет қаралды

Алдағы қыркүйек айында Ақордада идеологиялық жұмыстарға байланысты үлкен жиын өтетiнi мәлiм болып отыр. Мұндай алқалы жиын 2002 жылы өткен екен. Содан бергi он жылда құндылықтар мен идеялардың өзгергенi мәлiм. Алайда қазақ қоғамы әлi күнге дейiн қандай құндылықтар негiзiнде өркениеттi қоғам құру қажеттiгiн түсiне алмаған секiлдi.

 Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы. Қоғамға 20 қадам» атты мақаласы жарияланғалы да бір айдан астам уақыт өтті. Қоғам бұл мақаланы қызу талқылағанымен, қайраткерлердің негізгі ұстанымын, қазақ қоғамының алдағы бағыты жайлы ұсыныстарын аз естиміз. Керісінше, «Әлеуметтік модернизация» мақаласын құрғақ мақтау басым.

 Жасыратыны жоқ, қоғамдағы бұған дейін ұранға айналған «алдымен – экономика, сосын – саясат» ұстанымының ескіргені мойындалып отыр. Бұған дейін татулығы мен тыныштығын мақтан ететін Қазақстанда соңғы жылдары терроризмнің элементтері мен радикалды діни бағыт өкілдерінің қоғамға деген наразылығын өзін-өзі жару арқылы көрсетуі, Жаңаөзен оқиғасы – әлеуметтік проблемалардың пісіп жетілгендігін паш етеді. Президент аталған мақаласында Жаңаөзен оқиғасының қайталанбауын қадағалау қажеттілігіне баса маңыз берді. Дегенмен әлеуметтік дүмпулердің Қазақстанның түкпір-түкпірінде ішінара көрініс беруі – Қазақстандағы әлеуметтік дағдарыстың айғағындай. Жаңаөзен мұнайшыларынан кейін Балқашта «Қазақмыс», Теміртауда «Арселор Миттал» кеншілері де наразылықтарын білдіріп, ереуілдетіп басылды.

 Дәл осы сәтте биліктің, Елбасының «жаңа идеологияны» ұсынуын, оны осы күзде талқылауды мақсат етуін немен түсінуге болады? Осы мәселеге орай «Централ Азия Монитор» газетіне сұхбат берген саясаттанушы Айдос Сарым мұны былай түсіндіреді: «Меніңше, күні бүгінге дейін билік тарапынан насихатталып келген саяси тезистер мен құндылықтар өзектілігін жойды. Осы тұрғыдан алып қарасақ, «Жаңа идеология» – бұл «жаңа саяси күн тәртібін» қалыптастыруға деген қадам ғана. Егер қазіргі билік өзінен кейін қалыпты және дамыған мемлекет қалдыруды мақсат етсе, қазірден бастап қазіргі заманғы қоғамдық институттарды құрып, дамытып, олардың іргесін бекіту қажет. Бұл институттар болашақта елдің тәуелсіздігінің кепіліне айналары сөзсіз. Бірақ мен жекелеген салалар мен бөлімдерді модернизациялап, қалғандарына тиіспеу қажет дегенге онша сене бермеймін. Қазақстанда жаппай идеологиялардың уақыты өтті. Енді құндылықтар мен идеялардың заманы туып отыр». Біздің қоғам қандай құндылықтарға зәру, қандай идеялар аясында жұмыс істеуіміз керек? Бүгінгі күннің негізгі сауалы осы. Қазіргі негізгі бағыт – қоғамды салауатты да, салиқалы, саламатты, азат ойлы қоғам ретінде тәрбиелеу. Елбасы өз мақаласында: «Өз кезегінде мына сауалдарға жауап беруді талап етеді: жаһандық тұрақсыздық жағдайында, жаңа ғасыр жағдайында, жаһандық дауылдарға қарсы төтеп беру үшін біздің Қазақстан қоғамы қандай болуы қажет? Бүгінгі таңда бүкіл әлем тұтыну идеологиясының аса дертті идеология екендігіне көз жеткізді. Ол әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдықты тудырды және әлемдік дағдарыстың маңызды бір салдары болып отыр», – дейді. Өйткені «қарын тойдыру идеологиясы» алға озғанда, қоғамның рухани қажеттіліктері, мәдени құндылықтары, ұлттық ерекшеліктері екінші деңгейге ысырылады. Бүгін соның салдарын ұғына бастадық. Осыдан жиырма жыл бұрын қазақ қоғамында – мемлекеттік тілді алға оздыру негізгі проблеманың бірі болған болса, жиырма жылдан кейін де осы мәселе көлденеңдеп алға шықты. Әлі күнге дейін қоғамның біртектілігі, бір идеология, бір мақсат – Ұлттық Қазақ мемлекетін құру мәселесі жайлы сөз болса, осқырына қарайтындар көп. Соның салдарынан болар, қазақ ақпараты ұлттық батыр деңгейінде сипаттайтын тұлғалар орыс тілді ақпаратта әлі күнге дейін «халық жауы» ретінде дәріптеледі. Оның айқын дәлелін алыстан іздемей-ақ, Мұстафа Шоқайды фашистердің құйыршығы ретінде айыптаған өскемендік «Flash» газетінің «Қазақтың Власовы, фашистердiң құйыршығы», «Мұстафа Шоқай – Қазақстан мен Орта Азияның бола алмай қалған әмiршiсi, фашистiк ұйымның басшысы, «Түркiстан легионының» идеялық жетекшiлерiнiң бiрi» деген айыптар таққан екi бiрдей мақаланы жариялауын алға тартсақ та жеткілікті. «Мұстафа Шоқай жолымен» деректі фильмінің авторы, ақын Қасымхан Бегманов бұл басылымды және оның авторын сотқа бергенімен қалалық сотта жеңіліс тауып, облыстық сотта ғана жеңіске жете алды. Яғни қоғамның екітілділігінің салдарынан идеология да қос бағытта. Қазақ ақпараты – мемлекеттік тілді, ұлттық мемлекет құруды насихаттаса, орыстілді ақпарат – ресейлік құндылықтарды насихаттайды. Қазақ тілі алға бір қадам озса, орыс тілі далада қалды деп байбалам салады. Алайда мемлекеттік тілдің рөлін атқарып отырған орыс тіліндегі ақпараттың үні басым, қазақ ақпараты құмығыңқы. Оның үнін билік естігісі келмейді. Ал өзге қоғамды алып қарасаңыз, мемлекеттік құндылықтар, ұлттық мақтаныш мәселелері жыл өткен сайын алға ұмтылуда.

 Рас, Қазақстанбай мемлекет.  Сол себепті де әлемдік дағдарыстардың басым бөлігін еңсеріп келеді. Бірақ рухани деградация қоғамның тамырын терең жайлап барады. «ЦентралАзияМонитор» газетінде Мади Әлімовтің «Идеологический вакуум» атты мақаласы жарияланыпты. «Қазақстандық мемлекеттік құрылыстың аздаған тәжірибесі, кеуектітек табиғат қана емес, идеология да көтере алмайтынын дәлелдеді. Рухани бостандық болмаса, саяси және экономикалық тәуелсіздік мәнін жоғалтпаса да, сапасынан айырылады. Рухани бостандығы, нағыз сенімі жоқ мемлекетпен қоғамның болашағы қандай болмақ? Егер олар құндылықтардың дәстүрлі иерархиясын жалғастыра алмаса, егер басты мәселеелдің, халықтың мүддесі емес, жекелеген әлеуметтік топтардың немесе корпоративтік қауымдастықтың мүддесі болса, елдің болашағы қандай болмақ? Қазіргі сәтте 1990 жылдары қалыптасқан біздің басқарушы элита дәуірдің тарихи түйткілдеріне және елдің болашағына балта шабар проблемаларды қалай шешуге болады деген сауалға салиқалы жауап беруге қауқары жетпей отыр. Нарық реформасының басталуымен, біздің азаматтарға дамудың тұтыну моделі ұсынылды. Нәтижесінде өмір сүрудің жайлылығы туралы тезис ұлттық идеологияға айнала жаздады. Осы идеологияның бастауы Американың өзінде азаматтарға тұтыну моделін ұлттық идеология ретінде ұсынудың қауіптілігін сезінгелі де біраз уақыт өтті», – дейдіол.

 Қазақстантәуелсіздігінің 20 жылында қазақ қоғамына ұсынылған ұлттық идеологияны көзалдымызға елестете алар емеспіз. Еңбастысы, Қазақ мемлекеттігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, оның баяндылығы үшін барыңды сарп етумақсат болғаны айқын. Алайда, ол орыстілді Қазақстан ба, жоққазақ құндылықтарын паш еткен қазақтілді Қазақстан ба? Осының аражігі бүгінге дейін ашылмады. Қоғам екі тілдідейміз. Алайда екітілді тек қазақ қоғамы. Орыс қоғамыекітілді болуға ұмтылмады, ұмтылғысы да келмейді. Өйткені оларға бұның қажеттілігі жоқ. 20 жылда қазақша сөйлеу қажет, үйрену керек деген сананы сіңіре алмауымызкімнің трагедиясы? Билік күн өткен сайын жиындарды, мәртебелі мінберлердегі жарыссөздерді орысша өткізуді көбейтпесе, азайтпай отыр. Бір кездері Үкімет жиынын тек қана қазақ тілінде өткіземіз деп жарсалған Кәрімов үкіметінің бұлсалада қолжеткізген жетістігі не? «Тілі жоғалған ұлттыңөзі де жоғалады» деген Алаш көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсыновтың өткен ғасырдың басындағы тезисі күні бүгінге дейін өзекті екендігін ескерсек, «менқазақпын, бірақ, қазақша білмеймін» деп кеуде керетіндердің пиғылын немен түсіндіругеболады?!. Қазіргі қоғам тек орыстілді ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілді қоғамға айналып барады. Бірақ қазақтілді емес. Әсіресе, саяси элита мен оның айналасындағылар туралы осыны айтуға болады. Билік 2020 жылға қарай Қазақстан қоғамының  95%  қазақша сөйлейтініне кепілдік береді, бірақ оны қалай сөйлетуге болатынын ойластыра алмайотыр. Осы кезеңд еҚазақстан халқының 20% ағылшынша меңгеретін болады дейміз. Алайда осы қарқынмен кете берсек, ағылшын тілін білетіндердің саны қазақ тілін білетіндерден анағұрлым артық болуы дамүмкін! Өйткені ағылшын тілін меңгерудің кезеңдері,  деңгейлері анықталған және үйретудің әдістері өте тамаша қиыстырылған. Әрі оған қажеттілік бар. Қазақ тілін меңгерудің, оны үйретудің амал-әдістерін 20 жылда жасай алмай отырмыз. Бұл салаға бөлінген қаржы құмға сіңген судай, құрдымға кетті. Сонымен қазақ тілін үйрену мәселесі де жылы жабылды. Қазақ тілін үйренуге деген қажеттілік те жоқ. Тіпті мемлекеттік қызметкер мемлекеттік тілді тұрмыстық деңгейде үйренуі тиіс деген талапты қоюдың өзі біз үшін қорқынышты түске айналғанс ияқты.

 Сонда біздің қоғамның құндылығы не болмақ? Ұлы Абай ашынғанда «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» деп күңіренген екен қарынбайлардың тоғышарлығынан түңіліп. Ал біздің қоғамда мұны сәл өзгертсек «Тілге достың мұңы жоқ, тілден басқа». Бірақ сол тілге достың аз болып тұрғаны қынжылтады. Қоғам өзгерді, қоғаммен бірге құндылықтар да, идеялар да өзгерді. Ал біз ХХІ ғасырдағы Қазақстанды дамыған, инновациялық технологияларымен алға озған, қазақтілді Қазақстан ретінде көргіміз келеді. Ол үшін тек қазақ қана емес, бүкіл Қазақстан тұрғындарының санасына осы құндылықты сіңіре білуіміз қажет! 

 Есенгүл Кәпқызы, «Түркістан» газетінен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі