//

«Алматы» телеарнасының 40-тан аса журналисі жұмыстан кетпек

750 рет қаралды
2

«Алматы» телеарнасының 40-тан аса қызметкері жұмыстан кету туралы арыз жазды. Олар «қала әкімдігі мен телеарна ішіндегі қысымнан шаршағандарын» айтады.

– Біраз уақыттан бері арнадан шығатын көптеген материалдарға тыйым салынып келеді: ұлттық мәселелерге қатысты, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерге қатысты. Тыйым қала әкімшілігінің баспасөз қызметінен түсіп тұрды. Бұдан бөлек арна ішінде арандатушылық, сөз жеткізу деген жайттар орын алып жатыр. Сондықтан бір ғана бөлім емес, жаңалықтар қызметі мен бағдарламалар редакциясы ынтымақтастық танытып, өз еркімізбен жұмыстан кетуге өтініш жаздық. Қазанның бірінен бастап. Әзірге өтініш жазғандар – 40-тан астам адам, – деді Алматы арнасының продюссері Досан Қызайбекұлы Азаттық тілшісіне.

Оның сөзінше, басшылық кейбір тақырыптарға «ондай мәселелерді айтып дүрліктірмеу керек» немесе «саясатқа қарсы» деген негізде тыйым салған.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, «Алматы» телеарнасының қызметкерлері Байзақ Асылбеков есімді азаматтың бас редакторлыққа тағайындалуына наразылық ретінде жұмыстан кетпек.

«Алматы» телеарнасының басшылығына хабарласқанымызда, өзін бас директордың хатшысы Әсел деп таныстырған қызметкер «бұл мәселеге қатысты әзірге түсініктеме бере алмайтындарын» айтты.

Дереккөз: “Азаттық”

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Алматыны Алма-Ата деп атайық деп айды аспанға шығарып жүрген Сейдумановтар билеп тұрғанда “Алматы” телеарнасының қазақшыл журналистері қайдан күн көре алсын.

  2. Серік ағайдың көңілге қонымды авторлық бағдарламаларының қысқарып қалғандығы өкінішті… бұл жағдай көрермендерін де елең еткізбей қоймады.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі