/

Бүгін заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың туған күні

1052 рет қаралды

Бүгін – заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың туған күні. Ол1897 жылы 28-қыркүйекте қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

Бізде ұлы тұлғалардың туған күніне байланысты екіжақты пікірлер жоқ емес. Мәселен, Абай, Қаныш Сәтпаевтың туған күніне келгенде де солай. Бірақ, олардың барлығы бір ізге салынып, нақты бір күнмен аталып жүр. Өмірлеріне қатысты күндерді бірден реттеп алғандығына, жаңа стильді бірден пайдаланғандығына дәлел ретінде Мұхтар Әуезовті алсақ. М.О.Әуезовтің 28-қыркүйек күні дүниеге келгендігі туралы барлық еңбектерде жазылған. Ұлы жазушының жүз жылдығында ғұламаның туған күнінен бастап әр өмір кезеңін бір кітапқа жинастырған Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының директоры, филология ғылымдарының докторы Жандос Әубәкір «1997 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан «М.О.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі» атты кітаптың маңызы баршамызға аян. Соның алғысөзден кейінгі 1897 жылғы маңызды өмір сәттері жазылған 9 бетіндегі бірінші дерекке, алғашқы сөйлемге көз жүгіртсек: «Мен 1897 жылы қыркүйектің 15-інде туыппын. Туған жерім Семей уъезіне қараған Тобықты іші». Бұл сөздерді жазып отырған автор кім, ол – М.Әуезов. Өзінің туған күні туралы жазып отыр. Және де 28 қыркүйек деп отырған жоқ. Осы ретте құрастырушының жақша ішіндегі жазғанын да келтірейік: «Бұл ретте туған күнін жылнаманың ескі есебі бойынша көрсеткен болуы керек». Міне ғұлама ғалым бір ғана жерде өзінің туған күнін 15 қыркүйек деп ескі стиль бойынша жазыпты. Басқа бір жерден кездестіре де алмайсыз. Яғни біз дауласпасын, шатаспасын деп М.Әуезов өз туған күнін бірден жаңа стильге, 28-қыркүйекке ауыстырып қойған. Бұдан артық дәлелдің қажеті де жоқ сияқты» дейді.

Дереккөз: baq.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі