///

Назарбаев жазушылар қауымына назар аударды

553 рет қаралды
1

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалинді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан Жазу­шы­лар одағының кезекті съезіне дайын­дық мәселесі және отандық әдебиетті дамыту келешегі талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев ұлттың рухани әлеуетінің дамуында еліміздің жазушы­лары­ның қызметі маңызды екенін атап көрсетті.
Осы орайда, Нұрлан Оразалин ал­дағы уақытта өтетін съездің қар­саңындағы кез­десудің мәнін атап өтті және оған қа­тысушылар Мемлекет бас­шысының ұсы­ныс­тарын іске асыруға күш-жігерлерін са­латындығына сенім біл­дірді.

Дереккөз: “Егемен Қазақстан”

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Мемлекет басшысы қандай ұсыныс айтыпты? НО-ны қайта сайлаңдар деп пе?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі