///

Қытайда қазақ қиссасы оқытыла бастады

658 рет қаралды
1

Қытайдағы қазақ мектептерінде қазақ ауыз әдебиетін жаңғырту, ұрпақ санасына сіңіру мақсатында Қисса сыныптары ашыла бастапты. Бұл туралы Шыңжаңның Тарбағатай ақпараттық сайты хабарлаған. Бір мысал ретінде Тарбағатай аймағындағы №2 орта мектепте қисса сыныбы ашылғанын жазады.

Арнайы сыныпты ашудан бұрын оқытушылар қисса-дастандарды жинап, көлемі жеткіншектер түсіне алатын деңгейде, шағын дегендерін іріктеп зерттеген. Ұстаздар қисса орындау сарынын үйрету барысында ауыз әдебиетін зерттеуші мамандар мен ауылдағы қариялардың кеңесіне жүгініпті.
Қиссашылар жетекшісі Кәбира Мүсінатқызының айтуынша, аталған мектепте «Оқушыларды жан-жақты баулу» 2007 жылдан бастап оқыту бағдарламасына енген. Ал қисса орындауды үйрету осы бағдарламаның «Көне жазбаларды зерттеу» тақырыбына жататын тәлімгерлік түрі болып саналады. «Топтық қисса орындаудан жеке орындауға көшіп отыратын сабағымыздың алғашқы нәтижесі көңіл то­ларлық. Біздің мақсатымыз – қисса жаттатып, оны орындату арқылы балалардың талантын ұштап, өнерін дамыту» дейді Кәбира Мүсінатқызы.
Дереккөз: “Айқын”
Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі