/

Ақын Қазыбек Иса Перуашевтың орынбасары болды

1113 рет қаралды
Ақын Қазыбек Иса Перуашевтың орынбасары болды

Ақын Қазыбек Иса Перуашевтың орынбасары болдыЖақында болған партияның Орталық кеңесінің отырысында «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы, белгілі қазақ ақыны Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары болып сайланды.

Ал «Ақ жол» партиясы төрағасының ежелден келе жатқан орынбасары Бөріхан Нұрмұхамедов «Әрдайым оперативті қызметте болу мүмкіндігімнің жоқтығына байланысты партия төрағасының орынбасары қызметінен босатуды сұраймын» деп арыз жазып, қызметінен кетіпті. Бірақ, ол партияның Орталық кеңесінің құрамында қала береді. Сондай-ақ, «Ақ жолдың» Алматыдағы филиалының жетекшісі, партия төрағасының орынбасары болған Талғат Әбдіжаппаров та қызметінен босатылды.

«Ақ жол» партиясында болып жатқан бұл кадрлік өзгерістердің шынайы себебі әзірге белгісіз. Партия төрағасы Азат Перуашевтың ойында не бар екенін ешкім білмейді.

Дереккөз: serke.org

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Бақытбек Бәмішұлы: Сараман жолы

Сараман жолы Алматыда Ұлттық кітапханада академик Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Сараман жолы» атты “Атамұра” баспасынан жарық көрген (Президенті