///

Әдебиет пен өнер саласында мемлекеттік сыйлықтар табыс етілді

1623 рет қаралды
3

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әдебиет пен өнер саласындағы 2012 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлығына қол қойды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №421

Әдебиет пен өнер саласындағы 2012 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, қаулы етемін:

1. Әдебиет пен өнер саласындағы 2012 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы мыналарға берілсін:

1) Несіпбек Тұрысбекұлы Айтқа, ақын – «Арқатірек» поэмалар жинағы үшін;

2) Сәбит Аймұханұлы Досановқа, прозаик – «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясы үшін;

3) Әлібек Мұсаұлы Дінішевке, әнші – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған концерттік бағдарламасы үшін;

4) Гауһар Құрманбекқызы Мырзабековаға, скрипкашы – «А.Ви­вальди-А.Пьяцолла «8 сезонов», «Intrabaroque» концерттік бағдарла­ма­лары үшін.

2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2012 жылғы 2 қараша. №421

Дереккөз: Массагет

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Сонда бұлар жағымпаздар жарысынан жеңіп шыққандар болды ғой?!

  2. Нақ алатын кісілер әлі алған жоқ. Жәркен жырау сахиб болуға тиіс еді.

  3. Несіпбегің де осал емес, тек соңғы жылдарда адамды менсінбейтін бір мінез шығарып жүргені болмаса. сыйлық тірліктің нәрсесі, өлең өмірлік дүние.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі