///

Челах ісі: Сәрсеновтың судьяны істен аластату өтініші қанағаттандырылмады(ВИДЕО)

652 рет қаралды
Бүгін Челахтың қорғаушысы Сәрсенов сотқа төрағалық етіп отырған судья Ахметжановты істен аластату туралы өтінішін мәлімдеген еді. Қорғаушының талабын Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Советхан Сәкенов қанағаттандырмады.

Айта кетейік, сот отырысының екінші күнінде қорғаушы Сәрсенов сот төрағасы Ербол Ахметжановты істен аластату туралы өтініш білдірді. Қорғаушы судья заңдылықты бұзып отыр деп есептейді. Оның бұл істің нәтижесіне байланысты тікелей немесе жанама мүддесі бар деген пікірде.

Ахметжанов отырыс түстен кейін жалғасады деген шешім шығарды. Өйткені сот төрағасын аластату туралы өтінішті қарастыратын судья Алматыда болып шықты.

«Судьяны күтеміз. Мен өтінішімді қайталаймын, сосын қаралады. Судья тарапынан заң талаптарын сақтамауға жол беріліп отырғандықтан, осындай талап қойып отырмыз»,- деді журналистерге берген сұхбатында Сәрсенов.

«Өтінішімді тағы да қанағаттандырмайды деген ойдамын. Әдеттегідей, бұл шешімдерін тағы да негіздемейді», – деп толықтырды Челахтың қорғаушысы.

Түстен кейін қорғаушының талабын Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Советхан Сәкенов қарастырды. Ол осы өтінішке қатысты барлық тараптардың пікірін ескере келе, қорғаушының өтінішін негізсіз деп тапты және қанағаттандырмады.

Естеріңізге сала кетейік, «Арқанкерген» бекетіндегі 14 шекарашы мен бір қорықшыны өлтірді деген айып тағылған Владислав Челахтың ісі бойынша сот отырысы кеше басталған болатын. Сот процесіне БАҚ өкілдері қатысып жатқан жоқ. Челах алғашқы отырыста тілшілердің қатыспауын өтінген еді. Олар ақпаратты баспасөз орталығынан таратуда.

Мұнымен қатар кеше Челахтың қорғаушысы Сәрсенов Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры Дастан Секеновты істен аластатуды сұрады. Судья Ербол Ахметжанов қорғаушының бұл өтінішін негізсіз деп танып, оны қанағаттандырмады. Сондай-ақ сот төрағасы қорғаушының қосымша тергеу тағайындау жөніндегі арызын да кейінге қалдырды.

Айымгүл Әбілева
Дерккөз: www.bnews.kz
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі