///

Челахтың соты 4 желтоқсанға шегерілді

518 рет қаралды

“Владислав Челахқа қатысты сот отырысы адвокаттың келмей қалуына байланысты 4 желтоқсанға шегерілді” деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Челахтың адвокаты Серік Естияров бүгінгі сот отырысына “денсаулық жағдайына байланысты келе алмайтынын” хабарлаған. Қорғаушы тарап болмаған жағдайда, сот отырысы кейінге қалдырылады.

Бұған дейін адвокат Серік Сәрсенов Ербол Ахметжановтың бұл сотты жүргізуіне қарсылық білдірген еді. Сот оның қарсылығын кері қайтарған. Бұдан соң Сәрсенов “денсаулығына байланысты” сұранып, сот залынан шығып кеткен.

Ал Владислав Челах “Серік Сәрсенов болмаса, сотқа қатыспайтынын” айтып, сотты жалғастырмауды сұраған. Бірақ судья оның өтінішін қанағаттандырмады.

Владислав Челахқа 14 шекарашы мен бір орманшының қазасына қатысты бірнеше айып тағылып отыр.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі