//

Обаманың оралуы АҚШ-қа жайсыз бола ма?

673 рет қаралды
2
Сонымен, АҚШ-тағы кезекті сайлау науқаны да аяқталды, ел президенті, демократ Барак Обама өзінің осыған дейін төрт жыл бойы атқарып келген лауа­зымына қайта сайланды. Ол басты қарсыласы, бұрын Массачусетс штатының губернаторы болған республикалық партия өкілі Питт Ромниді жеңіп шықты.

Мемлекет ыдырайды деп еді

Ұмытпасаңыздар, Барак Обама АҚШ президенті болып сайланған 2008 жылы бүгінде 330 миллион халқы бар бұл алып елдің енді көп ұзамай ыдырайтыны туралы бұрынғы-соңғы өткен сәуегейлердің болжамдары жиі жарияланған болатын.

Бәзбіреулер бұл жайында бұрынғы өткен үндіс тайпаларының бірінің көсемі айтып кеткен екен деп жүрді. Енді біреулер әйгілі Нострадамустың катрендерінде нақты айтылған деп мысалдар келтіріп жатты. Тағы біреулер атақты болгар сәуегейі Ванга әжейдің сонау 1978 жылы айтып кеткен: «Қара түсті адам жеңіске жеткенде АҚШ-тың ахуалы нашарлап, ол дағдарыс иіріміне батады. Солтүстік және ыоңтүстікке ыдырып, бұл ел екіге бөлінуі мүмкін», – деген сөзін еске алды. Сондай-ақ осы кездері Италияның Болонья қаласындағы монастырьдан табылған ортағасырлық сәуегейлік жазба туралы да әңгіме көбейген болатын. Онда жұрт «Раню Неро», яғни «Қара өрмекші» атап кеткен Федерико Мартеллидің «Мәңгілік кітабы» атты еңбегінде айтылған жайлар туралы сөз болады. Бұл кітаптың қолжазбасы 1972 жылы табылған екен. Онда: «Екі мұхит жағалауындағы алып ел әлемдегі ең мықты мемлекетке айналады, оны басшылары сайлану тәртібімен төрт жылдан басқарып отырады. 44-ші президент ең соңғысы болады», – деп жазылған деседі.

Осы айтылғандардан көріп отырғанымыздай, Барак Обама – АҚШ тарихындағы тұңғыш қара нәсілді президент және ол кезегі жөнінен 44-ші болып тұр. Расында да оның басқаруы кезінде АҚШ терең дағдарыстарды бастан кешірді, бірақ сонда да әзірге аса сыр бермей тұр.

Дегенмен Б.Обама 44-ші президенттіктен аман өткен секілді. АҚШ заңы бойынша оны елдің 45-ші президенті ретінде ұлықтау салтанаты алдағы 2013 жылдың 20 қаңтарында өтеді. Ал оған дейін әлі екі ай уақыт бар.

20 штат шатақ шығарып жатыр

Жұрт Обаманың жеңісін тойлап жатқанда АҚШ-тың автономиясы болып келетін Пуэрто-Рико елі құрама штаттар қатарына 51-ші штат болып кіргісі келетінін мәлімдеді. Осында өткізілген референдум кезінде халықтың басым көпшілігі бұл бастаманы қолдайтындарын білдірген. Ендігі сөз АҚШ Конгресінің шешіміне барып тірелгелі тұр.

Осы оқиғаларға қарап-ақ жұрт сәуегейлердің АҚШ ыдырайды дегені далбаса екен ғой деуге шақ қалып еді, арада көп өтпей тағы бір өзгеше жаңалық естіп әрі-сәрі күйде қалды. Бұл жолы АҚШ-тың 20 штаты бірдей елден бөлінгісі келетіндерін білдіріп отыр. Аталған штаттардың 100 мыңнан аса адамы бұл жөнінде Ақ үйге петиция жолдапты.

Бұл жөніндегі бастаманы Луизиана штатының тұрғындары көтеріпті. Эконо­ми­касы дамыған, мемлекеттік бюджетке мол кіріс беретін Техас штатының тұрғындары аса белсенділік көрсетіп тұрған көрінеді. Олардың петициясында:­ «Біз, техастықтар, Обама әкімшілігінен Америка Құрама Штаттарының қатарынан­ шығып, өз үкіметімізді құруға бейбіт түрде құқық беруді сұраймыз» деген сөз­дер бар. Техастықтар өз шешімдерін АҚШ үкіметінің ішкі-тысқы шығындарды­ реформалауға немқұрайды қарауына, тағы да басқа жайларға наразылық нәтижесі ретінде көрсеткен. Ал оған негіз етіп елдің бұрыннан мұрты бұзылмай­ келе жатқан Тәуелсіздік декларациясында жазылған: «Егер үкіметтің қандай да бір түрі зиянды екені байқалса, онда халық оны өзгертуге немесе оның күшін жою арқылы жаңа үкімет құруға құқылы» деген сөздерін алған. Ал АҚШ заңдары бойынша мұндай талапқа қол қоюшылар қатары 25 мың адамға жетсе, онда ол бір айдан кейін қаралып, ресми жауап беруге жататын көрінеді.

Ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс болып тұрған АҚШ тарихында соңғы бір-екі апта ішінде ғана осындай тосын жайлар орын алды.

Дереккөз: “Замана”

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Өз халқы өзіне шыққаны бассыздықтың белгісі. Обаманың билігі Техас халқына әлсіз болғаны ма?

  2. Ұға алмай қақтым таңдай көп,
    Ұяла алмаймыз біз неге,
    Өзіміз мінсіз жандай боп,
    Өзгені қатты сөгеміз.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі