//

Жастар арасындағы діни сауаттылық күшейтілмек

701 рет қаралды
6

Бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алуды күшейту қажеттігі туралы айтты.

Білім министрінің мәлімдеуінше ел жастарының діни тәрбиесін арттыруға бағытталған шаралар 2013 жылдан бастап жүзеге асырыла бастамақ.

Сонымен қатар ведомство басшысы Үкімет Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдағанын еске салды.

«Біз жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алуға барынша назар аударамыз. Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының басшылары үшін Дін істері агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қатысуымен тұрақты кеңестер өткіземіз. Аталған жұмыстар бұдан әрі күшейтілетін болады»,-деді Б. Жұмағұлов.

Sunna-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

6 Comments

  1. йә ҚР діни басқармасының бас мүфтиі Абсаттар қажыдан дәріс алып, жастардың діни тәрбиесін арттыруға қадам басса дұрыс болар…

  2. Дарияға мұқтаж қураған шөлдей болдық…Жастарға дұрыс бағыт көрсету нағыз абзал іс

  3. Мектепте де универледрде де дінтану сабағы өтіледі, бірақ, қағаз жүзінде ғана, мен өз басым мектепте оқығанда дінтану сабағында тарих пен қазақ тілін оқитынмын. Ауызбен орақ орылады, әстелген іс жоқ

  4. Қазір алдымен терроризмді жою қажет. Халық қазіргі таңда балаларын дін жаққа бұрудан қорқады. Неге десеңіз, өздеріңіз де естіп жүрсіздер, жұрт бір-біріне вахабисттер яки джихаттар коп деп хабар таратуда. Олар балаларымызды басқа жолға салады деп қорқуда. Алдымен терроризмді жойса, діни жаққа жастарға неге бармасқа?

  5. “Ақылдыға- білім парыз, білімдіге- ғибадат парыз” ұранын ту еткен жастар ғана елдің бүгіні мен келешегіне зор үлесін тигізеді. Сәйкесінше,Бақытжан Жұмағұловтың бастамасы құптарлық әрі өте қажет.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі