///

Қазақ мұнайындағы Қытайдың үлесі артады

739 рет қаралды

Қазақстандағы мұнай өндіру саласындағы Қытай елінің үлесі күн санап өсіп келеді. Осы жылдың күзіне дейін Қытай қазақ мұнайының 40%-дан астамына қожалық ететін болады.  Одан кейінгі аз уақыт ішінде қытай компаниялары мұнай өндіру саласының жартысын қамтиды.

КазТАГ ақпарат агентігінің құпия дереккөзі хабарлағандай бұл процесс мына жағдаймен байланысты. Қазір Қытайдың China Investment Corporation компаниясы  «ҚазМұнайГаз-Барлау-Өндіру» компаниясының  30% акциясына иелік етеді. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өзінің «Қазақойл-Ақтөбе», «Қазақтүркіменмұнай» және «Mangistau Investments B.V»  компанияларындағы үлесінің бір бөлігін  «ҚазМұнайГаз-Барлау-Өндіру» компаниясына сатады. Осылайша Қытай компаниясының қазақ мұнайындағы үлесі көбейгелі тұр.

Қазір Қытайдың Қазақстандағы жылдық мұнай өндіру көлемі  30 млн тоннадан асты. Бұл Қазақстанның өзі өндіретін мұнайдан көп. «Мұндай жағдай ешбір мұнайлы елде болған емес. Қазақстанның өкілетті органдары мен сарапшылары мұны біледі. Бірақ, бұл мәліметті жариялаудан қашқақтап отыр. Себебі, бұған дейінгі Қазақстанның Қытайға жалға жер беруі қоғамды дүрліктіріп жіберген болатын» дейді дереккөз.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қытайдың Қазақстандағы мұнай компаниялары өндірілген мұнайдың бәрін Қытайға тасымалдап жатқан жоқ. Олар өздері өндірген қазақ мұнайының бір бөлігін тікелей Еуропаға сатып жатыр.

serke.org

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі