///

Қажытай Ілиясұлы өмірден озды

1483 рет қаралды

Қажытай Ілиясұлы – 1939 жылы ҚХР-дың Тарбағатай аймағындағы Дөрбілжін ауданында туған. Шыңжаң Тіл институтының (педагогикалық) қытай тілі факультетін бітіріп, «Шыңжаң» газетінің редакциясында аудармашы, сол газеттің Іле, Тарбағатай аймағындағы меншікті тілшісі болып қызмет істеген.

1962 жылы Қазақстанға келіп, 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Ара»–«Шмель» журналында, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде фельетонист, бөлім бастығы, Қазақ теледидарында аға редактор, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің Бас редакциясында, «Жазушы» баспасында редактор, «Азамат», «Астана», «Астана даусы» – «Голос Астаны» газеттерінде Бас редактор, ҚР ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарған.
«Дастархан» атты ең алғашқы өлеңі «Шыңжаң» газетінде 1959 жылдың күзінде жарияланған. Лирикалық, сатиралық өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1965 жылдан жарияланып келеді. 1967 жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен «Лениншіл жас» газеті бірігіп жариялаған жыр мүшәйрасында бас бәйгеге ие болған. 2001 жылдан бастап халықаралық «Сорос—Қазақстан» қорының және бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының алты мәрте жүлдегері. 21 ән мен 3 күйдің авторы.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Шығармалары: Қайран жастық. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1974; Усойқы. Сықақ өлеңдер мен мысалдар. А., «Жалын», 1978; Маймылдың мәдениеті. Сықақ өлеңдер мен мысалдар. А., «Жазушы», 1981; Біле білсең. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Қалақай қамшы. Бір томдық сатиралық өлеңдер. «Атамұра», 2001; Тас жарған. Лирикалық өлеңдер. А., «Өлке», 2001.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі