///

Рахат Әлиевтің жағдайы қиындады

662 рет қаралды

Шетелде қашып жүрген Рахат Әлиевтің қылмыстық істері жөнінде Германияның барлау қызметінің қолында өте маңызды мәлімет бар. Бұл жөнінде Malta Today ақпарат агенттігіне сол елдің «Жасылдар партиясының» депутаты Виола Фон Крамон хабарлаған.

Виола Фон Крамон Германия канцлері Ангела Меркельге депутаттық сауал жолдап, Рахат Әлиев жөніндегі мәліметтерді сұраған. Оған канцлер «Р.Әлиев жөнінде деректі мәлімет берген адамдардың өміріне қауіп төндірмеу үшін» құпияны жариялай алмайтынын айтып, депутаттың жеке өзіне ғана барлау қызметінің материалдарымен танысуға рұхсат беріпті. Қазір депутат құпия мәліметпен танысып жатыр. Оның не нәрсе екені әзірге белгісіз. Бірақ, бұрынғы оқиғаларға қарап, бұл құпия мәліметтің «Нұрбанктің» екі топ‑менеджері – Айбар Хасенов пен Жолдас Теміралиевтің өліміне қатысты екені байқауға болады. Қазақстан құқық қорғау органдары «ол екі банкирді Р.Әлиев өлтірді» деген қорытынды жасаған. Рахат Әлиевтің Австрияда тұрақтай алмай Мальта аралына қашып кету де осы мәселеге байланысты. Қазақстан жағы Р.Әлиевтің жасаған қылмыстық істері жөніндегі бұлтартпас фактілерді Австрия прокуратурасына тапсырған соң, ол елде де Р.Әлиевке қарсы қылмыстық іс қоғалды. Қауіпті сезген ол дереу Австриядан кетуді ойлап, Мальта аралындағы элиталық үйлер орналасқан Форт Кэмбриджден үй сатып алуға ақша аударыпты. Оған сондағы ірі фирманың директоры Пио Валетта көмектескен. Бұл адам бұдан сәл бұрынырақта Р.Әлиевтің қазіргі әйелі Эльнара Мұратханқызы Шоразға оның Австриядағы есепшотындағы 2,4 миллиона еуро ақшаны Кариб аралдарында тіркелген A & P Power  және басқа да фирмаларға аударуға көмектескен екен. Р.Әлиевтің бұл өтінішін Пио Валетта мүлтіксіз орындаған. Бірақ, Р.Әлиев Форт Кэмбриджден үй сатып алу кезінде Пио Валетта арасында кикілжің туындапты. Ол Рахат Әлиевтің қыспаққа түсіп, шарасыз жағдайын пайдаланып, оған Мальтаның тұрғыны мәртебесін алуға көмектесетінін айтып, 1,5 миллион еуро талап етіпті. Мұнша көп ақшаны Р.Әлиев бергісі келмеген. Неміс баспасөзінің жазуы бойынша, Р.Әлиев Мальтада тұру үшін Мальтаның сыртқы істер министрі, Еурокомиссияның мүшесі Тонио Боргаға 150 мың еуро пара беріпті. Осылайша, проблемасын шешіп алған соңы оған Пио Валетта керек болмай қалған. Сондықтан ол Пио Валеттаға берген ақшаны ақшаны қайтарып алуға күш салған. Екеуінің арасындағы бұл ұрыс-керіс сыртқа шығып кетіп, Р.Әлиевтің құпия жасап жатқан қаржы алаяқтығының біразы жария болып кетті.

 Осындай құйтырқы әрекеттің бәрі Еуро одақ құрамына кіретін елдердің саясаткерлерін Рахат Әлиевке күмәнмен қарауға итермелеп отыр. Олар өз елдерінің үкіметінен Қазақстанда қылмыс жасағаны үшін сырттай сотталған адамды неге қорғаштап жүргені жөнінде түсініктеме беруін талап етуде. Бұған дейін Мальта парламентінің депутаты Арнольд Кассола («Жасылдар» партиясынан)  Рахат Әлиевтің адамзатқа қарсы жасаған қылмысы мен қаржы алаяқтығына қатысты айыбын тексеруді және соған сәйкес шара қолдануды Мальта үкіметінен талап еткен болатын. Енді бұл шаруаға неміс депутаты Виола Фон Крамон қосылып отыр. Осылай жалғаса берсе, Рахат Әлиевің көп ұзамай Еуро одақ аймағын тастап, басқа жаққа бассауғалап қашуына тура келеді.

 serke.org
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі