///

Тікұшақтың қара жәшігі әлі күнге дейін оқылмады

643 рет қаралды

Алматы облысында апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағындағы қара жәшіктің құпиясы әлі ашылмады. Борттағы тіркеу құралын оқу үшін Ресей ғалымдары қосымша уақыт сұрады. Бұл туралы бүгін бас көлік прокуратурасының өкілдері хабарлады. 

Әуе кемесінің борттық тіркеу құралын отандық мамандар оқи алмағандықтан, Ресейге жіберілді. Ондағы ғалымдар бір ай ішінде қара жәшікті ашып, апат уақытында тіркелген барлық ақпаратты анықтап береміз деген. Бірақ, 30 күн өткенімен, әлі нәтиже жоқ. Енді, Ресей ғалымдары биылғы қаңтардың 31-не дейін қара жәшікті толық зерттеп беретіндерін айтты. Ол үшін қосымша ақпараттар жолдауды сұратып жатыр.

«ЕвроАзияЭйр» әуе компаниясының МИ-8 тікұшағы 2012 жылдың қараша айында Алматы облысы Үшарал қаласынан 90-95 шақырым жерде апатқа ұшырады. Тікұшақтағы экипаж мүшелері мен жолаушылар түгел қаза тапты.

Берік ХАСЕНОВ

astanatv.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері