///

Журналистердің кәсібилік деңгейі төмендеп отырғаны байқалады

1344 рет қаралды
Қазақстанда журналистердің кәсібилік деңгейі төмендеп отырғаны байқалады. Бүгін Астанада мемлекеттік ақпараттық саясаттың өзекті мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осылай мәлім етті.Сөз арасында, Мемлекеттік хатшы журналист мамандарды даярлау мен қайта даярлау мәселесіне назар аударып өтті. Оның айтуынша, тәуелсіз сараптамалық бағалаулар журналистердің кәсібилік деңгейінің  төмендеп отырғанын көрсеткен. «Медиасекторда заманауи инфрақұрылым бар кезде, кадрлық тапшылықты сезініп отырмыз, әсіресе өңірлік БАҚ-та. Осымен бірге, елімізде экономика, БАҚ және кино салалары, медиабизнес, телеарнадағы режиссерлық-операторлық жұмыс, техникалық мамандықтар, телевидениенің, радио мен киноның, жаңа буынды масс-медианың кадрларын даярлау мүлдем жүргізілмей отырғанын байқаймыз. Бұдан бөлек, Интернеттің өзі журналистерге жаңа, заманға сай талаптарды алға жылжытуда. Сондықтан да, Білім және ғылым министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі массмедиа саласының кадрлық әлеуетін арттыратын кешенді шараларды әзірлеуі қажет. БАҚ қауымдастықтарымен бірлесе отырып, ақпараттық саладағы мамандар даярлауға баса назар аудару қажет. Бұның медианарықтың перспективадағы сұранысы ескеріле отырып жүзеге асқаны орынды», – деді Марат Тәжин.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы бәсекеге қабілеттілік тұрғысында ұлттық радиохабар тарату желісіне де ерекше назар аударуды қажеттігін айтты. «Өкінішке қарай, бүгінгі күні радио ойын-сауық форматта ғана дамып келеді. Салмақты сараптамалық жанр, пікір таластыру алаңына айналған радиолар жоқтың қасы. Бұл ретте бізге ұлттық радио таратудың арнайы бағдарламаға тәуелді құжатын әзірлеу қажет. Урбанизация жағдайында радионың нақты қоғамдық пікірге әсер ететін факторға айналып отырғаны да шындық. Мәселен, Мәскеуде бірқатар радиостансалардың бірден бой көтеруі де кездейсоқ жағдай емес. Бұлар Ресейде барлық рейтингті бағындырып келеді, телеарналардан кейінгі екінші орынға шыққаны да соның айғағы», – дейді М. Тәжин.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы, inform.kz
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар