///

Ел авиациясындағы ұшулар қауіпсіздігінің жай-күйі талқыланды

508 рет қаралды

Бүгін Астана қаласында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы ұшулар қауіпсіздігінің жай-күйі, авиациялық жүйенің сенімділігін арттыру тәсілдері және ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбына арналған конференция өз жұмысын бастады, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің  баспасөз қызметінен.

Конференция 2013 жылға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін даярлау жоспарына сәйкес өткізіліп, оған мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері тартылды.

Конференция жұмысына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысып баяндама жасады.

– Ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»:  Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық», делінген. – Расында қазіргі кезде Қарулы Күштеріміз қарқынды дамып отыр, Әскери әуе күштерінде авиациялық техниканы сапалы жағдайда ұстап тұратын жүйе қалыптасты. Авиациялық парк «Еврокоптер» тікұшақтарымен және С-295 ұшақтарымен толығып, жаңаруда. Ұшу құрамының дайындығы сапалы жүргізілуде. Қысқаша айтқанда, елімізде және армияда мемлекеттік авиация жүйесінің толыққанды сапалы жұмыс істеуіне барлық мүмкіндіктер жасалған,-деді Бас штаб бастығы жиналғандар алдында.

Конференция барысында Қазақстан мемлекеттік авиациясы ұшу қауіпсіздігі жайын тексерудің өткен жылғы қорытындысына талдау жасалып, ағымдағы жыл авиациялық бөлімдер басшыларына ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен жауапкершілік жүктейтіндігі айтылды. Жиынға қатысушылар тақырыпқа байланысты пікір алмасты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жақсартуға байланысты конференцияға қатысушылардан түскен ұсыныстар талқыланып, тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.

inform.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі