///

Парақорлардың түрлерін көшелерге қойылған плазмалық экран арқылы жұртқа көрсететін уақыт жетті

670 рет қаралды

Біреудің табан ақы, маңдай терімен тапқан ақшаларын ұялмай-қызармай алатын парықсыз парақорлардың түрлерін үлкен көшелердің бойларына қойылған плазмалық экрандар арқылы қалың жұртқа көрсетіп, масқараларын шығаратын уақыт жетті. Бұл туралы Ішкі істер министрінің блогына түскен ұсыныспен танысқан «Экспресс и К» газеті хабарлап отыр.

Экран на улицах-4
Министрге ұсыныс жасаған оқырман ел тұрғындары өздерінің антигеройларын да білулері керек деп есептейді. «Әрбір облыс орталығында күндіз-түні жарнама көрсетіп тұратын үлкен телевизор экрандары бар, – деп жазады өзін Жәке деп атап көрсеткен бір кісі министр Қалмұханбет Қасымовқа. – Осы мониторлар арқылы сотты болған жемқорларды көрсетіп, олар жайлы толық мәліметтерді беруге болады. Мысалы, олардың қайда туғандары, қайда жұмыс істегендерін, мемлекетке қанша залал келтіргенін жазса. Бұл мұндай қылмыс жасайтындарға қатты соққы болып тиеді. Олар сонда ғана ұялады».
Әзірге министр бұл ұсынысқа байланысты ешқандай да ойларын білдіріп үлгерген жоқ. Бірақ, айта кету керек, парақорларды бүкіл елге масқара ету жайындағы мәселе бүгінде қай елде де әбден кемеліне келіп, пісіп-жетіліп тұр. Айталық, Украинада депутаттар қазіргі күндері әлденеше мыңдаған адамдардың атыжөндері жазылған жемқорлардың мемлекеттік реестріне, былайынша айтқанда, «қара тізімге» кез келген адамның кіре алатын жағдайын жасауды көтеріп жатыр. Бірақ бұған елдің әділет министрі Александр Лавринович қарсылық білдіруде. Оның айтуынша, азаматтардың жеке мәліметтері тиісті заң жүзімен қорғалады. Өткен жылы Ресей Федерациясының ішкі істер министрлігі «бармақ басты, көз қысты» тірліктерімен қолға түскендердің арнайы мәліметтер базасы жасалып жатқанын мәлім етті. Бұл жобаны талдаушылар жұмысқа кадр алар кезде парақорлардың өтіп кетпеуін қадағалауға көмектеседі деп есептейді. Рас, мұнда оларды көпшілік алдында әшкере ету жайы қарастырылмаған. Ал Қазақстандаңы заң шығарушылар арасында әзірге бұған ұқсас ойлар қозғалып, күн тәртібіне қойылып жатқан жоқ. Олай болса, бұған қатысты мәселені жоғарыдағы тұтынушы айтқандай, плазмалық экрандардың «Масқара тақтасы» арқылы бастап көрген де дұрыс болар?
Сұлтан Бозайғыр.

egemen.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі