///

Қытайда Қазақстандық кино апталығы басталды

1058 рет қаралды

Бейжің орталығында орналасқан «Broadway Cinema» кинотеатрында Қазақстандық кино апталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі

«Ашылу рәсімінде Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Нұрлан Ермекбаев, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының Президенті Ермек Аманшаев және Қытайдың Мемлекеттік баспасөз, басылым, радио, кино және теледидар жөніндегі бас басқармасының басшылары Чжан Пиминь мен Ла Пэйкан сөз сөйледі. Ашылу рәсіміне қытайлық мемлекеттік органдардың, іскерлік, ғылыми, академиялық топтардың өкілдері, сондай-ақ қазақстандық киноға қызығушық танытқан көрермендері қатысты»,- деп жазылған хабарламада.

Сөз сөйлеген тұлғалар Қазақстандық кино апталығы дербес шара ретінде Қытайда алғашқы рет өткізілетінін және оның екі ел халықтарының арасындағы өзара түсіністік пен достықты тереңдету үшін маңыздылығын атап өтті. Шара «Балалық шағымның аспаны» атты фильммен ашылды.

Шара аясында өткен баспасөз конференциясы барысында қазақстандық делегация қытайлық, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін еліміздің қазіргі кинематография, қазақстандық кино фестивалінің шеңберінде көрсетілетін фильмдермен таныстырып, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

Қазақстандық кино апталығы Бейжіңде 2013 ж. 17-22 сәуір аралығында өткізіледі. Осы кезде қытайлық көрермен «Балалық шағымның аспаны» фильмімен қатар, «Шал», «Жаужүрек Мың Бала», «Жоюшы», «Махаббат тәлкегі» және «Ғаламтордағы махаббат» картиналарын тамашалай алады. Аталған шара мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты жандандыру бойынша уағдаласты.

bnews.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі