///

Абылай ханның 300 жылдығы 20-22 қыркүйек аралығында өтетін болды

520 рет қаралды

Ақмола облысында Абылай ханның 300 жылдығы,  20-22 қыркүйек аралығында өтетін болды. Бұл туралы Үкімет басшысы Серік Ахметовтың арнайы Қаулысы шықты.

Астанадан  келген қоюшы-режиссер торқалы той бағдарламасының тұсауын кесті. Жыл басынан бері Ақмола облысы 1000-ға жуық шара ұйымдастырды. Оның ішінде түрлі мүшәйралар, ғылыми семинарлар, музыка кештері өтті. Енді салтанатты шараның шарықтау шегіне дайындық үстінде. Астанадан арнайы келген қоюшы-режиссер театрланған көріністің маңыздылығына тоқталды. Тәуелсіздікті аңсап өткен Абылай кезеңі мен бүгінгі сол арманға жеткен ұрпақ өмірін бейнелейтін топтық көрініс бір сағатқа созылады екен.  Абылайдың жоңғар батыры Шарышпен жекпе-жегі де қамтылыпты. Сондай-ақ, кәдесый өнімінің 30-дан астам түрі шығарылып, шетелдік меймандарға ұсыну жоспарлануда. Ал мереке соңы республика жұлдыздарының гала-концертіне ұласпақ.

Мейрамбек ҚИЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» МӘДЕНИ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
– Мен ойлаймын, бұған Қазақстан халқы болып, бүкіл кәсіпкерлер болып, зиялы қауым біздің түгел атсалысу керек. Бұрын Абылайлап жауға шапсақ, енді Абылай ханның арманы орындалды деп жұдырықтай жұмылып, тойға шабатын сәтті күн туып тұр. Мен осы Қазақстанның барлық сала азаматтарын осы тойға атсалысуға шақырамын.

khabar.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі